Нәтижеге бағытталған білім жемісін береді

Елде болып жатқан пандемия жағдайы барша адамзатты әбігерге салғанымен, ұстаздар қауымы қашанда бірауыздылық танытып, осымен екінші оқу жылын қашықтан оқып аяқтады. Сонау 90 жылдарда өзге мемлекеттерде бастау алған бұл оқу жүйесі біз үшін таңсық дүние болғанмен, қай заманда да жаңалықтың жаршысы, локомотиві болған ұстаздар қауымы қиындықты еңсере білді.

Бүгінде ұстаздар жаңартылған білім жүйесіне де үйренді электронды журналға да төселді. Білім платформасының қайсысын болсын меңгерді. Цифрлық технологияны, яғни қашықтан оқыту құралдарының бәрін игерді. Өз елінің азаматтарына сапалы әрі заманауи білім берудің лайықты жағдайын туғыза алған мемлекет қана табысты дами отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына ене алатыны белгілі. Мемлекет пандемия жағдайында да ұрпағымызға білім берудің барынша жағдайын жасауға күш салды.

Себебі, мектеп партасындағы бүгінгі оқушы – кемел келешегіміздің тірегі. Ал сол оқушыларымызды қандай қиын жағдайда болсақ та, біліммен қаруландыру – біздің міндетіміз. Ал білім қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Оқушы – қай кезде де оқушы, білімге ұмтылған бала оқудың онлайн-офлайн форматына қарамайды. Мұғалімнің міндеті – осындай, алдына мақсат қойған жеке тұлғаны жетелеу, ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, қоғамға бейімдеу.

Жауапкершілікпен оқытылған, нәтижеге бағытталған білімді меңгерген оқушы қашанда алған білімін дәлелдейді. Оған куә-жалпы білім беретін пәндерден өтетін пәндік білім сайыстары мен олимпиадалар, білім додалары. Біздің ауданда 11 білім ошағы болса, биылғы жас түоектердің арасында үміт күтетін зерек шәкірттеріміз жетерлік. Соның бірі – республикаға, облысқа танымал Ақшұқыр мектеп-лицейінің түлегі Исметилла Сағын. Соңғы үш оқу жылы қатарынан Қазақстан тарихы пәнінен жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиаданың бірінші орын иегері.

Өткен оқу жылында да республикалық кезеңге жолдама алған ол биылғы 2020-2021 оқу жылында республикалық кезеңнен жүлделі екінші қатардан көрініп, күміс медаль иеленді. Облыс әкімінің  «Дарынды бала-елдің жарқын болашағы» атты марапаттау рәсімінде
облыстағы Ш.Есенов атындағы КИжТу-нің тегін оқу грантына ие болды. Сонда да өз білімін әлі сынап, екі мүмкіндікте де ҰБТ тапсыруда. Дарынды жас заңгер мамандығын таңдап отыр. Аудандағы жалғыз орыс тілді мектеп – М.Горький атындағы мектеп-лицейдің түлегі – Мизамбай Ақбота да соңғы үш оқу жылында орыс мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қала мектептеріндегі орыс тілді құрбыларының арасында топжарған еді.

Ол облыстық пәндік олимпиадада жүлделі екінші орынмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Талантты жас табандылықпен тер төге оқудың нәтижесінде биылғы жылы республикалық олимпиадада жүлделі үшінші орынды, қола медалды қанжығаға байлады. Бастауыштан бері тек қана оқу озаты Ақбота – «Алтын белгіге» үміткер оқушы. Оқушы мұғалім мамандығын таңдап отыр. Міне, үздіксіз берілген білім мен нәтижеге бағытталған жұмыс өз жемісін берді. Тарих пәні мұғалімі, Исметилла Сағынның ұстазы-Айманов Бауыржан мен орыс тілі пәнінің мұғалімі, Мизамбай Ақботаның ұстазы-Антонина Павловна Куборевалар өз пәндерін жетік меңгерген нағыз шебер-педагогтер екенін тағы да дәлелдеді. Ақ жол, Сіздерге, жас түлек!

Гүлшат Тәуірханқызы ҚАНЖАН,
оқу әдістемелік орталықтың директоры,
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий