Дамудың жаңа векторы!

«Орда» университеті өз тарихында  талай рет білім мен ғылым, спорт, мәдениет сыңды салаларда үздік атанып тек Қазақстан ғана емес халықаралық, тіпті әлемдік аренада өзінің ойып тұрып алар орны бар жоғарғы оқу орны екендігін дәлелдеп келе жатқанқара шаңырақ.

«Орда» университетінің ұстаздары бүгінде өз салаларының нағыз маманы болса, олар тәрбиелеп білім майданына қосқан 40 000 нан астам  түлектер бүгінде Республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі салада  жемісті қызмет атқарып отыр. Ал білім алушыларының жасап шыққан тың иедялары республикамызда сұранысқа ие жобалардың қатарында. Кей бірі қала тұрғындарының өмір сүруін жеңілдетіп жатқанынан да хабардармыз.

Құрметті кешегі Silkway халықаралық университетінің ұжымы, бүгін «Орда» университеті деген атқа ие болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Кешегі танымал профессор Бахтияр Саидұлы Юнусов негізін қалаған, 30 жылға жуық тарихқа ие киелі шаңырақ өз тарихында талай үздіктерді түлетіп үздіктер ұстаханасы атанып отыр.

Құрметті «Орда» Университетінің ұжымы, сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.

«Орда» университетінің Ректоры
Б.Е. Жакипбаев

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий