Ойын технологиясы арқылы биология пәнінде оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сонымен қатар кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де, жүргізілуі туралы ойласу керектігін және бұл біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет екендігін айрықша атап өтеді.
Адамзат баласының тарихында ұрпақ тәрбиесінің білім берудің маңызы қашанда ерекше. Сондықтан халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп ұстазға үлкен талап артып, жауапты міндет жүктейді. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің талабы. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен.
Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шетел тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр. Оқу-тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында жүзеге асырылады.
Оқушылардың тіл байлығын молайту үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологиялардың элементтерін қолдану. Сабақта қолданылатын мәтін мен жаттығулар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуінің маңызы зор. Пәнаралық байланыс болуына, сабақтың өмірмен байланыстылығына мән беру қажет. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту – әр сабақтың міндеті. Биология сабақтарында сабақ мақсатына жету үшін сабақты бірнеше кезеңдерде қарастыруға болады.
Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады: оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу; сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу; шетел тілін өз ана тіліне ауызша аудара білу; жазбаша аудара білу. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Сабақта оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады.
Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі: мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу; мазмұнын түсіну; тірек – сызба сөздері арқылы баяндау; мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу. Келесі жаттығу түрі – сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – студенттер сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының бірін кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын-ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Кез келген сөйлеу әрекетіне қатысты ойындар оқушыны сұрақ қою, жауап беру арқылы өз ойын сол тілде еркін жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Студеттер сөйлеп жатқан кезінде олардың қателерін түзеуге болмайды, керіснше, мұғалім оқушыларға сабақ барысында шетел тілін көп қолдануын қамтамасыз етуі керек. Тек сабақтың соңында ғана олардың қатесін сыпайы түрде айтып өтуі керек. М. Ф. Стронин өзінің «Ағылшын тілі сабағында тіл үйретуге көмектесетін ойындар» атты кітабында ойын түрлерін келесі топтарға бөліп қарастырады: лексикалық ойындар; грамматикалық ойындар; фонетикалық ойындар; орфографиялық ойындар және шығармашылық ойындар.
Лексикалық ойындар. Мақсаты: – шынайы өмірге жақын оқиғалар барысында ойынғақатысушыларды лексиканы пайдалануға үйрету; ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту. Тілдік ойындар. Тілдік ойындар лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда қолданылады. «Сөздерді аудар». Әр бір ойын қатысушысына ағылшын тіліндегі сөз ана тіліне аударуға беріледі. Жауап сұрақ қойылған сәтте берілу керек. «Мақалдарды құрастыру». Жүргізуші мақалдың басын оқиды, команда болып оны аяқтау керек. Дұрыс жауап берсе, ол топқа ұпай беріледі. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі – диалог арқылы дамыту.
Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпты оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып, диалогты дұрыс құруға тырысады.Ауызекі сөйлесу оқушының тілін дамытады.
Фонетикалық ойындар. Мақсаты – оқушыларды ағылшын тіліндегі дыбыстарды айтуға үйрету. «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар». Мақсаты: фонетикалық тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның ережесі: мұғалім сөздерді атайды. егер дыбыс жуан естілсе, оқушылар қол көтереді. Ал, егер дауысты дыбыс жіңішке естілсе, онда қол көтеруге болмайды. Қате аз жіберген команда жеңеді. Грамматкалық ойындардың бірі – «Сурет ойыны». Present Continuous құрылымын түсіндіру мақсатында аталған ойынды қолдануға болады. Оқушылар суреттегі кейіпкерлердің не істеп жатқанын айтуға міндетті. Бір- біріне былайша сұрақтарды қоюына болады
Заман талабына сай қазіргі оқу орындарында білім мазмұнын оның құрылымдық жүйесін жаңарту білім реформасының басты талабы. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгерту үлкен істің бастамасы. Жұмыстың нақты міндеттерінің қатарындағы әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізілді. Оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктері анықталды.
Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер, жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек-сызба сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық материалды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек-сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге жаттықтырады.
Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тіл дамытып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Тірек-сызба арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап аламын. Балалар тірек сөздер берілген сызбаны пайдалана отырып әңгіме құрастырады. Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады, қазақ тіліне қызығушылық артады, ауызекі сөйлеу дамиды.
Карлыгаш Толешовна ТЕЗЕКБАЕВА,
А. Байжанов атындағы орта мектептің
биология пәні мұғалімі, Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы