Халықаралық білім беру – ғылыми конференцияның арқауына айналды

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде «Эразмус ПЛЮС бағдарламасының Орталық Азиядағы университеттерінің жоғары білім беру әлеуетін арттыруға әсері» тақырыбында өткен Халықаралық білім беру конференциясы барысында «Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова алғы сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Университетте Эразмус+ бағдарламасына 10 жыл толуына және медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ. К. Тоғызбаеваның 75-жылдық мерейтойына арналған. Елена Сәкенова Қарлығаш Тоғызбаеваны мерейтойымен құттықтап, осы шуақты жазғы күн ол үшін ерекше маңызбен, айналадағы ортаның ғажайып әсемділігімен және шабыттандыратын махаббатпен толы болсын деген тілегін білдірді.

Сосын ол Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы туралы айтып берді. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру өзінің дамуының 25 жылы ішінде бір пәннің шеңберінен шығып, тәрбие жүйесінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие процесінің барлық салаларын қамтыды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының аясындағы құндылықтармен үйлесімді үйлесетінін атап өту қажет, себебі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар – бұл өзара байланысатын тамырлар деп айтуға болады, – деді Елена Сәкенова.

Сондай-ақ, «Өзін-өзі тану» оқу сауықтыру кешенінің директоры Мақпал Аденова «Бөбек» Ораталығының атынан құттықтау сөзін оқып берді. Конференцияға Қазақ тағамтану академиясының президенті, Леон Бернар ДДҰ жоғары наградасының лауреаты, РҒА академигі, ҚР ҰҒА академигі Т. Ш. Шарманов; С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Т. С. Нұрғожин; Қырғыстанның Халықаралық университетінің президенті А. А. Айдаралиев; «Семей медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасының стратегиялық даму және жастар саясаты жөніндегі орынбасары Н. С. Айдосов және тағы басқалар қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий