Жаһандану жағдайында педагогтер қандай құзіреттіліктерге ие болу керек?
«Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс», – деген Жүсіпбек Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға – жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы қайрат – жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу – мұғалім қызметінің түпкі мұраты.

Әлемдегі індет Covid-2019 барлық қоғам салаларына түбегейлі әсерін тигізіп келеді. Әсіресе, зардабы айрықша білім саласына тиіп келеді. Оқу мекемелерінің жабылуы, қашықтан оқыту толық, қажетті білім алу мүмкіндігін шектеп келеді. Өмірге деген көзқарас, құндылық, ұстанымдар мен идеялар жаңарып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге жүгінсек, жағымсыз үдерістер белен алуда: депрессия, суицид, тұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы да басқалар. Короновирус инфекциясы адамдардың әлеуметтік-экономикалық өмірін, саяси ұстанымдарын, бір-бірімен қарым-қатынастарын өзгерді.
Осы орайда, өскелең ұрпақты жаңаша тұрғыда тәрбиелеу және білім берудің өзектілігі артып келеді. Қашықтан оқыту жағдайында білім сапасының төмендеуін белгілейді: оқушылардың қызығушылығының төмендеуі, интернет желісінің тұрақсыздығы мен қолжетімділігі. Алайда, өзін-өзі шектеу келесі жағымды әлеуметтік өзгерістерді белгілеп отыр: онлайн-сервис арқылы өздігінен оқу, тілдер меңгеру, өздігінен даму, жаттығу. Әлемнің қарқын дамуы, жаһандану, еңбек нарығындағы өзгерістер білім саласында жаңа оқу тұрғыларды қажет етеді.
Әрине, өмірдің жаңа талаптарына төтеу үшін білім саласында инновациялар мен әртүрлі новаторлық идеялар мен жаңарулар көбейді. Мысалға, мұғалімдер мен оқушылар техниканың қыр сырын меңгерді, аудио, видео трансляция, желілік қауымдастықта қарым-қатынас жасау, әртүрлі білім платформалар (Zoom, Google met. Google.com) арқылы оқыту дамыды. Педагогтер кәсіби пән құзіреттіліктерімен қатар, ақпараттық коммуникация құзыреттіліктерін шыңдау қажеттілігі туындап отыр. Алайда, бұл білімдер мен дағдылар оқушылардың ой ұшқырлығы, сыни ойлауы, шығармашылығы мен креативтілігін дамытуға жеттілікті ме?
Бүгінгі мектеп жасындағы оқушыларды Z-ұрпақ деп атайды. Оларға келесі белгілер тән: «Z ұрпағы» әлемге шынайы қарайды; «Z ұрпағы» тәуелсіз; «Z ұрпағы» интернеттің екжей-текжейін жақсы біледі; «Z ұрпағы» кеңістікте қажет бағытты таба алмайды; «Z ұрпағы» қызығушылықтары мүлдем басқа; «Z ұрпағы» бәрінен де бай. Олар өз бетімен ақша табу үшін мектептің қабырғасынан бастап жұмыс жасайды; «Z ұрпағы» бос уақыттары жоқ. Z – ұрпағы сөздің тура мағынасында әлемді өзгертпек. Жастардың 60%-ның ойынша, олардың жұмыстары қоршаған ортаға және қоғамға пайда әкелуі тиіс.
Технологиялар дамып, барлық ғылым салаларында адамзаттың мүмкіндіктері артқан сайын өскелең ұрпақтың өмірге деген көзқарасы өзгеруде. Осы өзгерістер аясында бүгінгі заманауи ұстаздың құзыреттіліктері осы өзгерістерге бейімді болу қажет. Заманауи ұстаз оқушылардың қажеттілігін ескеріп, өздігіне дамуға, тапқырлыққа, зерттеуге, әлемнің үздіксіз өзгерістеріне бейімді болып тәрбиелеу тиіс. Өкінішке орай, бүгін өскелең буынды тәрбиелейтін ұстазтардың басым бөлігі, өзін-өзі дамытудан гөрі, білім мен техника меңгеруді басымдылық ретінде қоюда.
Осыған байланысты, педагогтерді қолдау, тәрбиелеу, жетелеу және ынталандыру механизмдері жүйесіз ұсынылуда. Тәуелсіздік алған кезеңнен алғаш рет «Педагог мәртебесі жөнінде» Заң, Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейін жаңа мемлекеттік бағдарлама педагогтердің мәртебесін көтеруге бағытталады. Оқыту практикасын жетілдіру үшін 2021 жылы ваучерлік оқыту жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл еңбек нарығын және бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді.
Алайда, кәсіби, рухани, инновация тұрғыда дамыту мен жетілу жолдары қолдамайынша, бәскеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесі жүйелі шешілмей келеді. Сол себептен, бәсеке қабілетті орталықтарды да мемлекет тарапынан қолдау, жаңаша оқыту мүмкіндігі жасалуы тиіс.
Алем Жекеновна НЕСИПБАЕВА,
“Өрлеу” БАҰО тренері, әлеуметтану магистрі