Академик Рәтбай Мырзақұлов Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамы бас рейтингінде қатарынан жетінші рет көш бастады

Рәтбай Мырзақұлов физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекетік сыйлықтың иегері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі әрі ЕҰУ жанындағы «Теориялық физика Еуразиялық халықаралық орталығы» ҒЗИ директоры. Ол шетелдің  беделді басылымдарында жарық көрген ғылыми мақалаларымен  әлемдік ғылыми қауымдастықты мойындатып, отандық ғылымды биік деңгейге көтерген бірден бір ғалым.

Рәтбай Мырзақұлов өз саласының үздігі ретінде, биыл да Қазақстан ғалымдарының ішінде қатарынан жетінші рет бірінші орынды иеленді. Ғалымның Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамы бас рейтингіндегі тізімде бірінші болып тұруын оның ғылымда ашқан жаңалықтарына берілген әділ баға деп білген жөн.

Академик Рәтбай Мырза­құлов­тың ғылымға сіңірген ең­бегі еліміз тарапынан бағаланбай қалған жоқ. Басқасын айтпағанда, соңғы жылдардағы жетістігі: «Еуразия мақтанышы» кон­курсының жеңімпазы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми-зерттеулер үшін берілетін Қ.Сәтбаев сыйлығының лауреаты, «Жылдың үздік оқытушысы – 2010»; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2014 ж.); «Жыл ғалымы – 2016»; «Жыл адамы – 2017»;  әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (2017) атағы соның айқын дәлелі.

Рәтбай Мырзақұлов – бүгінде 25 жыл толып отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның атын әлемде асқақтатып, қазақ ғылымының мәрте­бе­сін көтеріп жүрген бірден-бір тұлға.

 

Әлем­дік ғылымда өз қол­таңба­сы­ бар көрнекті ғалымды кезекті жеңісімен құттықтаймыз және оның әлі талай биіктерді бағындыратынына бек сенеміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий