ЕҰУ ҚР үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингіндегі көшбасшылар үштігінде -2021

Еуразия ұлттық университеті 2021 жылы ҚР үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде екінші орын алды. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚТА) жүргізген саралау нәтижелері осы жылғы маусым айының 3-і күні республикалық БАҚ-та жарияланды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Көшбасшылар үштігіне, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті кірді, Рейтинг бес құрамнан тұрады: жоғары оқу орнының академиялық қызметін бағалау және сарапшылар мен жұмыс берушілердің, студенттер мен түлектердің беделді бағалары. Агенттіктің әдістемесі бойынша ЖОО-лардың академиялық қызметі жеті индикатордан тұрады. Рейтинг тізімінде еліміздің 33 жоғары оқу орны бар.

Еуразия ұлттық университеті «Академиялық кадрлар», «Халықаралық ынтымақтастық», «Түлектердің жұмысқа орналасу нәтижелері мен жетістіктері» индикаторлары бойынша үздік деп танылды. Халықаралық ынтымақтастық Еуропа, Азия және Американың шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, сондай-ақ елшіліктер және халықаралық ғылыми-білім беру қорларымен жасалған 400 шарт негізінде дамуда.

ЕҰУ-дың Ресей, Бельгия, Иран, Түркия, Қытай, Беларусь және Пәкістанда 12 мәдени-білім беру орталығы жұмыс істейді. Өзбекстан Республикасында Өзбек-қазақ мәдени білім беру орталығы бар. Сондай-ақ ЕҰУ-ға жыл сайын бакалаврлар мен магистрлерді және PhD докторларын даярлау бойынша 262 білім беру бағдарламасымен шетел азаматтары қабылданады. Университет Еуропалық үлгідегі дипломды Diploma Supplement береді. Оқытуды 3 тілде өз саласындағы жетекші профессорлар, оқытушылар мен мамандар жүргізеді.

Қазіргі уақытта 20 әріптес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары, оның ішінде ТМД Желілік университеті, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер шеңберінде әзірлеу мен  іске асыру белсенді жүзеге асырылуда. ЕҰУ-да ЭРАЗМУС+, «MEVLANA», «ORHUN», «МАЙВ», WELCOME TO ENU, сонымен қатар «ENU STUDENTS AMBASSADOR» бағдарламалары бойынша білім алушылар және ПОҚ үшін академиялық ұтқырлық белсенді түрде іске асырылуда». 

Айта кеткен жөн, ЕҰУ осы рейтингте үшінші жыл қатарынан үздік үштікке кіреді. Рейтинг қорытындылары туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемеден біле аласыздар. https://www.kazpravda.kz/fresh/view/natsionalnii-reiting-luchshih-vuzov-kazahstana-2021 және https://iqaa-ranking.kz/rejting-vuzov/rejting-vuzov-kazakhstana-2020/natsionalnyj-rejting-luchshikh-mnogoprofilnykh-vuzov-kazakhstana-6 .      

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий