Өмірі өнеге: Елі сыйлаған азамат

Қазақстанның құрылыс саласы қарқынды ілгерілеп, өнеркәсіп секторының озық бөлігі ретінде оң өзгерістердің “локомотиві” болуда. Мұнай-газ секторын дамыту шеңберіндегі жобалар іске асырылғаннан кейін Теңіз және Қарашығанақ кен орындары жаңа деңгейге шықты. Қарабатан кен орны өнеркәсіптік өндіруге шығарылды. Маңғыстау облысының Қаражанбас, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Дунга кен орындары тұрақты дамуда. Бұл – тәуелсіз еліміздегі экономикадағы нақты жетістіктердің үлгісі.

Осы салада ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек етіп келе жатқан ел азаматтарының бірі – жауапкершілігі шектеулі “Мұнайгазқұрылыс” серіктестігінің жетекшісі Ақмалиев Меңдіхан 1974 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының “Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс” мамандығын бітіріп, 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Маңғышлақмұнайгазқұрылыс” тресі мен “Мұнайгазқұрылыс” компаниясының тұрақты басшысы болуда. Бұл әлеуеті зор құрылым үлкен күрделілік пен жоғары дәлдіктегі жұмыстарды орындауға қабілетті жаңа үлгідегі көп бейінді құрылыс-монтаждау ұйымына айналды.

Мол мүмкіндіктердің ауқымын кеңейту мақсатында жасалған жүйелі жұмыстар белсенді техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру саясатын жетілдірді. Бұл басым бағыттар адами ресурстарды дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыруға негізделген еді. Меңдіхан Ыдырысұлы республикадағы мұнай-газ секторын дамытуға қосқан зор үлесінің арқасында отандық құрылысшылар арасында кеңінен танымал болды. Кейіпкеріміздің белсене қатысуымен кен орындары Қарашығанақ, Қашаған, Өзен, Қаражанбас, Жетібай, Қаламқас қанат жайып, жаңадан мұнайшылар қаласы салынды.

Теңдесі жоқ, тамаша инфрақұрылымы бар, өмірге қолайлы заманауи елді мекен болып көркейген теңіз кен орны оның өмірінде ерекше орын алады. Майталман маманның тікелей қолдауымен аймақтағы көптеген маңызды қоғамдық-әлеуметтік мәселелері шешілуде. Ол облыстық кәсіпкерлер кеңесінің орынбасары, біздің жоғары оқу орнындағы қамқоршылық кеңестің белді мүшесі ретінде құрылыс мамандықтарында ақылы оқитын студенттердің төлемін жеңілдетуге көмектесуде. «Мұнайгазқұрылыс» мекемесі жастардың өндірістік тәжірибеден өтуге арналған мықты базалардың көш басында тұр.

А.Вихляев, А.Сотников, А.Оразгалиева, Г.Кожирбаева, А.Убиева, А.Выродов, А.Жарасова, В.Выродов, М.Атаджанов сынды кафедра түлектері осы ұжымда тәлім алғандар. Қырық төрт жылдық саналы ғұмырындағы қажырлы еңбегі үшін “Құрмет” орденімен, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалімен марапатталып, “ҚР Еңбек сіңірген құрылысшысы”, “Қазақстан Республикасының жасампаз құрылысшысы” атақтарын иеленді.

Аяжан Ісметиллақызы ІЗБАСАР,
Ш.Есенов атындағы Ақтау технологиялар
және инжиниринг университетіндегі
құрылыс инжиниринг кафедрасының
аға оқытушысы, Маңғыстау облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий