ҚР Тәуелсіздігіне – 30: Мәңгілік елдің мұраты

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай біздің білім шаңырағында бастауыш сынып жетекшілерінің ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ жұртымызды әлемдік деңгейге жеткізу әр бір азаматтың қолында екенін, оқушыларға патриоттық тәрбие беру арқылы өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.

Сынып сағатында отанымыздың көркем жерлері мен жеткен жетістіктері туралы айтылып, оқушылар жеке ойларымен бөлісті. Әрбір қатысушы түрлі тақпақтар, өлеңдер, мақал-мәтелдер айтып мемлекетімізді мақтан тұтатындықтарын жеткізді. Біз басқа ұлт өкілдері болсақ та тәуелсіз елде тұрып жатқанымызды мақтан етеміз.

Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше болған оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен құбылмалы қоғамның дүниеге келуінің тағдырлы сәті еді. Сол сын сағаттар әлі басылмаса да ең қиын белестерді бағындыра білдік. Күрделі де қиын кезеңдер артта қалып, жан-жақты даму үдерісі ілгерілеген еліміздің еңсесі биіктей беретініне кәміл сенеміз.

М.Хамраев атындағы №150 жалпы
білім беретін мектептің бастауыш сынып
мұғалімдері, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий