Ақмола облысындағы білім басқармасының басшылығы балалар мен жасөспірімдер сарайы қызметінің өзекті мәселелерін талқылады

«Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайы қызметінің өзекті мәселелері Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Әйтімұлы Жүсіпов пен орталық директоры Айнагүл Қыдырбайқызы Балташеваның Көкшетау қаласының журналистері мен блогерлерімен кездесуінде талқыланды, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Ашық диалог БАҚ өкілдерімен жеңіл және еркін жағдайда өтті, онда әркім өзін қызықтыратын сауалдарын қойып, бірден жауап ала алды. Журналистерді жазғы кезеңдегі алдағы жоспарлар, тегін және ақылы үйірмелер жұмысы, сондай-ақ асхана жұмысы мәселелері қызықтырды. Жалпы білім беру жүйесіне қатысты сұрақ қойылды.
Загрузка...Сондай-ақ, шақырылған қонақтар үшін А және Б блоктарында ауқымды экскурсия өткізілді, онда қатысушылар робототехника, сәндік-қолданбалы өнер кабинеттерін, зертханалар, конференц зал, тренажер залы, спорт залының және тағы да басқа нысандарының жұмыстарымен танысты.