ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Әр ұлттың бәсекеге қабілетті болуы алдымен білім сапасымен өлшенеді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы қатысушыларына үндеу жолдады. Үндеуді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболатов оқып берді, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

– Тәуелсіздіктің мерейлі 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі форумның басталуымен баршаңызды құттықтаймын! Жастар – қоғамның қозғаушы күші, үкілі үміті. Егемендік жылдары елімізде санасы азат, ойы сергек тұтас бір жаңа буын қалыптасып, өсіп жетілді. Біз Тәуелсіздігіміздің бұл белесіне жарқын жетістіктермен аяқ басып отырмыз. Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылданып, тың бастамалар қолға алынды.

«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асып, жастарымыз әлемнің беделді оқу орындарында, заманның сұранысына сай зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінде білім алу мүміндігіне ие болды. Әр саладағы талантты, қабілетті мамандар үшін біз барлық әлеуметтік-саяси лифт қалыптастырдық. «Нұр Отан партиясы» жанындағы «Жас отан» жастар қанаты патриоттық тәрбие мен қоғамдық қызметтің өзіндік мектебіне айналды. Белсенді жастардың тағы бір тобы Қазақстан халқы Ассамблеясы аясына ұйысты.

Өз кезегінде жас буын өкілдері туған отанымызды шын жүректен мақтан тұтып, еліміздің одан ары гүлденуіне атсалысуға тиіс. Өзеріңіз білетіндей, әр ұлттың бәсекеге қабілетті болуы алдымен білім сапасымен өлшенеді. Сіздер заман талабына тез бейімделіп, қиындыққа қасқая қарсы тұруға тиіссіздер. Бүгінде, дағдарыстан кейін де ең маңызды даму тренді адами капиталдың сапасы. Зерделі де, зерек, білімді де білікті жастардың қашанда еңсесі биік, ертеңі нұрлы болмақ. Ендеше отанымыздың жарқын болашағы үшін қалтқысыз қызмет ете беріңіздер. Бүгінгі форумның жұмысы жемісті болсын. Сіздерге мықты денсаулық, шуақты өмір, шығармашылық табыстар тілеймін!, – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға арналған Үндеуінде. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий