Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттеріне арналған жаңа үй: жайлылық және ыңғайлылық

Аймақ басшысы Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов құрылысына 1,3 миллиард теңге бағытталған Қостанай автомобиль көлігі колледжінің 500 орынға арналған жаңа жатақханасын салтанатты түрде ашты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жатақханада тұру жайлылығы үшін екі және үш орындық бөлмелер, әр қабатта жеке ас үй қарастырылған. Ғимарат ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар студенттерге толық бейімделген: кең есік ойықтары қарастырылған, ыңғайлы пандус, жедел саты, тұтқалар орнатылған.

Жаңа тоғыз қабатты жатақхана колледждің басқа қалалардан келген студенттерінің тұру мәселесін толығымен шешеді, бұл 10-12 мың теңге шегінде болады. Ғимараттың өз инфрақұрылымы, кең және жайлы бөлмелері, қолайлы жағдайлары бар. Ең маңыздысы, жатақхана қызметкерлері үшін 24 тұрақты жұмыс орны құрылды.

– Бірінші курс бойы мен колледжімнің жанында тұруды армандадым. Енді жаңа жатақханада тұратыныма қуаныштымын. Бөлмем өте ыңғайлы, қажет нәрсенің бәрі бар, енді мен жол жүруге ақша жұмсамаймын. Жатақхананың жаттығу залында міндетті түрде спортпен шұғылданамын, спортпен шұғылдану өмірде де, оқуда да көмектеседі деп санаймын, – дейді бірінші курс студенті Данияр Кәрімжан.

Облыста дуальді оқыту жүйесін алғашқылардың бірі болып енгізген автомобиль көлігі колледжі, ол «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС сияқты ірі әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас жасайды, олардың базасында студенттер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіби практикадан өтеді.

2020 жылы колледж құйма шойын және «КАМАЗ» ЖАҚ көпір компоненттерін өндіру зауытын білікті мамандармен қамтамасыз ету базасы болып айқындалған және қыркүйек айында алғашқы 125 студент жаңа бес мамандық бойынша білім алып жатыр. Облыс колледждерінде 22 мыңнан астам жас қостанайлық білім алуда, 16 мыңға жуығы тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында білім алып жатыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий