Ақмола облысында үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды

Биылғы оқу жылында алғаш рет «Үздік қосымша білім беру ұйымы» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара үздік қосымша білім беру ұйымдарын анықтауға, тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтауға және таратуға ықпал етеді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқауға барлығы 11 өңірдің ұйымы қатысты: Аршалы ауданындағы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Аршалы аудандық жас техниктер станциясы, Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс жасайтын орталығы, Зеренді ауданының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Жарқайың ауданының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Көкшетау қаласындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы.
Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, облыс орталығындағы балалар музыка мектебі, Есіл ауданының балалар музыка мектебі, Жарқайың ауданының балалар музыка мектебі. Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданының «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы үздік ұйым болып танылды. Орталық ұжымын құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз!
