Ақмола облысында мамандандырылған мектептерге байқау бойынша іріктеу жүріп жатыр

Еліміздегі өңірлер бойынша биылғы маусым айының 1-і мен 20-ы аралығында офлайн тестілеу форматындағы жетпіс мамандандырылған мектепке байқау блйынша іріктеу жұмыстары басталды. Биыл бұл бәсекені «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы бастамашы болып отыр, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін байқауға құжаттарды қабылдау қорытындысы негізінде күтілетін аймақтағы алтыншы сыныпты бітірген 220-дан астам оқушы бар. Байқаудың іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса отырып, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады. Біздің облыстағы мамандандырылған білім беру ұйымдарына байқаулық іріктеуді өткізу кестесіне сәйкес маусым айының басында Нұр-Сұлтан қаласының дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатында ұйымдастырылды.

Маусым айының төртінде Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – интернатында, маусым айының алтысы күні Степногорск қаласындағы дарынды балаларға арналған № 4 “Болашақ” облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында іріктеу жүргізілді. Байқау еліміздегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жүргізіліп жатыр.

Аудиториялардағы тәртіп үшін белгіленген кезекше мамандар жауап берді. Комиссия мүшелері тапсырмаларды оқушылардың көзінше ашып, таратып берді. Байқаудың іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді. Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған. Байқаудың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий