Замануи мектеп басшысының табыс формуласы

Табыс формуласы… Бұл ұғым бақытты жағдайлар жиынтығы мен сәтті жетістіктерге – өмірдегі табыстарға, мамандықтарға, әсіресе, бала жанын дамытуға арналған, педагог мамандығына, тәлімгерге, басшыға – жеткізетін шек бар ма деген ойды қалыптастырады. Бар деп ойлаймын, оған дәлел, менің көпжылдық педагогикалық тәжірибем.

Қостанай мемлекеттік университетін аяқтаған соң, мектепте тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасап жүргенде «Мамандықта адамның табысын не анықтайды? Оқытып жатқан балаларды қалай қызықтырамын?» деген сұрақтар мені үнемі ойландыратын. Өз ой-өрісімді кеңіте отыра, оқытылатын ғылымдардың терең негіздерін үйрене келе, шебер болуға тырысып, әдістемелік жиынтығы бар өз шығармашылық шеберханамды құру арқылы өзіме осындай жауаптар беретінмін. Білімді меңгеруде, олардың өздігінен білім алуға жағдай жасауда, балаларға  басшы болдым.

Менің табысым – оқушыларымның табысынан көрінеді – оқуда, өмірде әрқайсысы қателеспей өз орнын табуда деп білемін. Мен үшін ең бастысы: өз пәнін білетін, оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін меңгерген, жаңашыл болуға ұмтылған іскерлік қарым-қатынас құра білетін, шәкірттерін табысты болуға үйрететін маман болу еді. Менің ойымша, осы дұрыс. Жоғарғы оқу орнында жұмас жасай келе, біраз жылдан соң, мен университеттің әдістемелік кеңесінің төрағасы болдым, кейін ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары жұмысын атқардым.

Менің мамандықтағы табысым туралы ойым бірте-бірте өзгере бастады, жұмысыма деген қанағатсыздық байқалды. Кейін түсінгенім, тәлімгер, әдіскер болу үшін білімнің өзі жеткіліксіз екен. Психология, теория және басқару іс-әрекеті әдістемесі туралы еңбектерді көп оқып, педагогтардың кәсіби потенцалдық мүмкіндіктерін анықтау үшін әріптестерімнің сабақтарына қатыстым. Ең бастысы: әріптестердің жұмысына бақылау жасап қана қоймай, оларға көмектесу керек деген ойдың пайда болуы – осының бәрі оқытушылардың кәсіби құзіреттілігіне жауапты әдіскер, басшы жұмысының табысқа жетелейтін алғашқы қадамы деп түсіндім.

Маңызды нәрсенің бірі адамды тек қана маман ретінде емес, адами жағынан білген дұрыс екен, себебі осы жерде қарым-қатынаста сенімділік пен сыйластық пайда болады. Іскерлік қарым-қатынаста табысқа деген маңызды қадам – қол астыңда жұмыс істейтіндерге ашық болу, әдептілік сақтау, әділдік көрсету және ықыласты көзқараста болу. № 58 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасап жүрген уақытта, тәжірибемде көзім жеткені әдістемелік жұмыстарға өзім ғана басшылық жасамай, кәсіби мүмкіндіктеріне қарай әріптестеріме сенім артып табыстау.

Осылайша, сол кезде бірлестік басшыларының өкілеттігі кеңейді, әдістемелік іс-шаралар да тиімді өте бастады. Бұл да басқару қызметінің табысқа жетелейтін маңызды сатылырының бірі деп ойлаймын. Менің, замануи басшының, мектеп директорының табысы туралы ойларым, менің естеліктеріммен ұштасып келеді. Ол жай емес шығар. 2020 жылдан бастап № 20 орта мектептің директоры болып жұмыс жасап келемін және өзіме жиі сұрақтар қоямын «Мен директор ретінде танылдым ба? Табысты түсінігі ретінде мен үшін не бастапқы болып тұр? Неге ұмытылу керек? Өзімді қалай жетілдіремін?». Уақыт өте келе, әрине, мен замануи басшының табысты болу критерийлері туралы айта аламын. Дегенмен, өз өйларымен бөлісейін: ұжымды басқаруға, мектеп басшысы болуға маған осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы кездегі тәжірибем көметесті.

Қазіргі менің түсінігім бойынша, басшы болу үшін өзінің ішкі дүниенді қалыптастырып, дамыту керек. Менің кәсіби ізденістерім, жинаған тәжірибем қазіргі таңда маған басшы болуға үлкен көмегін тигізіп отыр. Менің түсінігімде, замануи мектеп директоры – стратег, менеджер, адамдармен жұмыс істеу барысында, олардың кәсіби өсуіне жауапты болу, қойылған міндеттерді шешу мақстында ұйымдастыру мен үйлестіруді күшейту, ұжымды табысқа жеткізу; бұл «жеңімпаз» деген технологиялық сана қалыптасқын, жұмыс барысы мен нәтижесін қатар бағалайтын ойлы тұлға.

Қазіргі таңда, біздің мектепте жоғары потенциалды, құзіретті, шығармашылық педагогикалық ұжым, интелектуалды оқушылар  қалыптасып жатқанына,  өте қуаныштымын. Білім саясытында  мектептің бастапқы қадамын ұжым анықтады: сапалы қолжетімді білім беру, рухани-адами құндылықтар негізінде оқушылардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру.

Мектеп директоры – бұл керемет қызмет, ол маған өз идеяларымды жүзеге асыруға көмектеседі: мақсатшыл болуға, бәсекелестікке, ізденіске, нәтежеге жетелейді. Егер сіз үнемі өз-өзінді шығармашылық жағынан дамытып, жаңа идеяларымен бөлсетін, өз қөзқарасынды ортаға салатын, жеке ойлары мен пікірін білдіре алатын адам болсаңыз, сіздің айналаңызда әрқашан пікірлес адамдар көп болады.

Болат Дусимбекұлы БИМЕНДИН,
№ 20 орта мектептің директоры, тарих
және қоғамдық ғылымдар академиясының
академигі, Нұр-Сұлтан қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий