Оңтүстіктің оқушылары 24 лагерде демалады

Биылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын ұтымды ұйымдастырудың негізінде қала сыртында 24 лагері (9 мемлекеттік, 15 жеке меншік) жұмыс істейтіндігі жоспарланған, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақ бойынша 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны – 477668. Оның 210000-ы мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерлерге барса, 230000 оқушы ата-аналарымен сауықтыру және демалыс орындарымен қамтылатындығы белгіленген. Бұл 91,2 пайызға тең. Облыстың аумағында 27 қала сыртындағы лагерь бар (үшеуі белгілі себептерге байланысты балаларды қабылдамайды). Қала сыртындағы 24 сауықтыру лагерлерінде сегіз ауысым бойынша 30 мыңнан астам баланы қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

Биылғы қаңтар мен наурыз айлары аралығында республикалық лагерлерге оңтүстік өлкенің жеті жүзге жуық өрені демалып қайтқан болатын. Бұл жалпы бала санының жеті пайызын құрайды. Қала сыртындағы лагерлерге оқушыларды қабылдауға құзырлы орындар тарапынан ресми рұқсат берілсе, лагерлердің жұмысы маусым айының 10-15 күндері басталатын болады. Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде облысымыздағы үш балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 172 тәрбиеленушілері жаз бойы демалады.

Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 300 миллионға жуық теңге қаралып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың сегіз мыңнан астам балаларына тегін жолдама беру көзделген. Оқушылар үшін аула және қызығушылығы бойынша клубтарда балалар үшін түрлі үйірме жұмыстары үйлестіріліп, табиғи және тарихи орындар мен таулы аймақтарға экскурсиялық саяхатқа апару дәстүрін жалғастыру жоспарда бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий