Жетісу университеті: “Үздік куратор – 2021” байқауының үздіктері анықталды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік куратор – 2021» байқауын ұйымдастырды. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі және университет кәсіподағы бірлесіп өткізген байқауға 1-4 курстардың академиялық топ кураторлары қатысты.

Бекітілген ережеге сәйкес, әр курстан бір куратор факультет деканы тарапының ұсынысы негізінде іріктеу кезеңінен өткен. Көрсетілген талаптарға сай қатысушылардың портфолиясын және куратор папкасын тағайындалған қазылар алқасы қарап, атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне қарай жеңімпаздарды анықтады. Алдын-ала тағайындалған әділқазы алқаларының шешіміне сәйкес «Үздік куратор – 2021» байқауында жоғары ұпайды жинап, жаратылыстану факультеті, жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы Укушева Толқын жеңіске жетті.

Толқын Қалиасқарқызы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Биология» мамандығына түсіп, 2000 жылы бітірген, 2000-2001 жылдары жаратылыстану кафедрасында оқытушы-стажер қызметінде жұмыс атқарды. 2001 жылы әл-Фараби атындағы «Билогия» мамандығына түсіп, 2003 жылы «Алматы аймағындағы микро және мезофаунасы» атты магистерлік диссертациясын қорғап, үздік дипломмен аяқтады. 2003-2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетінде зоология және ихтиология кафедрасында маман қызметінде жұмыс атқарды.

2005 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде аға оқытушы қызметінде жұмыс атқарып келе жатыр. Осы аралықта  алыс, жақын шет елдерде және республикалық басылымдарда 45-тен астам ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрді. Оның ішіндегі 3 оқу құралы жарияланған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ректорының Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партяисы Алматы облыстық филиалының Алғыс хатымен, «Interclover-2017 жоғары оқу орындары мен орта мектептер оқытушыларына арналған халықаралық жобалар байқауының» І, II дәрежелі жеңімпазы.

«Қазандағы қамқорлық» байқауында студенттерді азаматтық патриоттық құндылықтарға тәрбиелеп, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталған. Байқау жеңімпазына университет тарапынан диплом, сертификат және кәсіподақ атынан «Жаркент-Арасан» шипажайына жолдама табыс етілді.

Ерлан Сейілханұлы ХАЙМУЛДАНОВ,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
кәсіподақ филиалы төрағасы,
Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий