Жамбылдық жасотандықтар жеңіс тұғырында

Алматы қаласында өткен «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған XIX республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты – жастардың ойлау көкжиегін дамыту, қоғаммен байланысын арттыру. Әр облыстағы жастардың басын біріктіріп достық шекарасын нығайту.

Ұшқыр сөз бен ұтқыр ой сыналған сайысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысты. Екі күнге жалғасқан сайыста жастар экономика, саясат және әлеумет тақырыптарын арқау етіп, өзекті мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Тартысты турнир нетижесінде «Жамбыл» фракциясы топ жарып, алғақшы қатардан көрінді. Жүлделі екінші орынды Ақтөбе облысының «Ақтөбе Арланс» фракциясы иеленсе, үшінші орын Түркістан облысының «Тұран» фракциясына бұйырды. Жеңімпаз атанған командаға 400 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Дәстүр бойынша келесі пікірталас жарысын жеңімпаз атанған өңір өткізеді. ХІІІ турнир 2015 жылы біздің аймақта ұйымдастырылған еді. Турнирдің өңірімізде өтуіне пікірсайысшылар, қазіргі кездегі мемлекеттік қызметшілер Серікбол Берікқожа мен Ернұр Мадияров себепкер болған. Араға жеті жыл салып, алдағы 2022 жылы жиырмасыншы республикалық турнир Жамбыл жерінде өткізілмек. Айта кету керек, аталмыш республикалық пікірсайыс турнирі партияның «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Ерғали Рүстемұлы ӘБУҒАЛИ, 
“Nur Otan” партиясы Жамбыл
облыстық филиалы жанындағы
“Jas Otan” жастар қанатының
консультанты, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий