Ақмола облысы: “Comedy kids” әзіл – ысқақ ғаламтор байқауының жүлдегерлері марапатталды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Comedy kids» әзіл-ысқақ интернет байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуына байланысты іріктеу кезеңі қашықтан өтті. Байқаудың мақсаты: мектептің мәдени өміріне белсенді қатысатын дербес іс-әрекетке қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Кәсіби қазылар алқасының қарауына 12 нөмір ұсынылды. Байқауға барлығы облыстың алты ауданынан (Астрахан, Атбасар, Жақсы, Целиноград, Зеренді және Сандықтау) 25 оқушы қатысты. Қатысушылар әзіл-ысқақ түрінде «Менің оқиғаларым…» тақырыбына бейнелер жазды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орын-Атбасар ауданы, ОШ Полтавка селосы – Моор Виктория, Қоныбаев Алдияр; екінші орын-Зеренді ауданы, ОШ Елена А. – Ибраш Марал, Рамазанова Дильнура; үшінші орын-Атбасар ауданы, ОШ Тельман-Емельянов Дэниил.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий