Жас ұстаздар арасында шағын футболдан жарыс

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» ҚБ Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының жанынан құрылған жастар Кеңесінің бастамасымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың ережесі алдын-ала бекітіліп, нәтижесінде білім беру мекемелерінен жеті команда жасақталды.

Шараны Кербұлақ аудандық филиалдың төрағасы Жақан Дуанаев өз сөзімен ашып, кәсіподақтың жұмысын саралап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастар ұстаздарға сәттілік тіледі. Аудандық жастар Кеңесінің төрағасы Әсем Ильсова 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ұстаздарға жылдық жұмыс жоспарға сәйкес ұйымдастырылған жарыстың мақсаты айқындап, салауатты өмір салтын насихаттады.

Командалар жеребе арқылы қарсыластарын анықтаса, дене шынықтықтыру пәнінің мұғалімі Арман Мадетхан төреші ретінде жарыстың әділ өтуіне септігін тигізді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен Тұракбаев Жалғас, Жұмашов Елдос, Мұқажан Мұрат, Байғалық Биахмет аудандық кәсіподақ филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ал, командалық есепте асығы алшысынан түсіп, бірінші орынды Сарыөзек орта мектебі, ІІ орынды 49 орта мектебі, ІІІ орынды Қарашоқы орта мектебінің командалары иеленді. Жеңімпаздардың қатарында көрінген командаларды Жақан Ноғайбайұлы құттықтап, Кербұлақ аудандық филиалының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Т.КӨКЕНОВА,
Алматы облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподақ
ұйымы ҚБ Кербұлақ аудандық
кәсіподақ филиалының маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий