Кітаптар тұрағы – білім ұясының онлайн жетістіктері

Кітап адам баласының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, рухани жан-жақты дамып жетілуіне әсер етеді. Кітапхана – осы оқу орнында білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың орны. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді    елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани жан дүниеңіз бай, оған қоса адамгершілік, ар-ұят, кішіпейілділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттер болуы керек. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін біз оқырмандарға кітап арқылы насихаттаймыз.

Кітап – білім бұлағы,
Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың,
Анық тағы білімпаз боп шығары. Әлемде орын алып отырған үлкен мәселе- пандемия, карантин, қашықтан онлайн жұмыс атқару мектеп кітапханаларының оқырмандарға  қызмет етуін  тоқтата алмағаны рас. Оқырманның оқуға деген сұранысы қанағаттандырылып, әрі қарай оқуына жетекшілік ететін – кітапханашы.

Көптеген түрлі шаралар онлайн өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылды. «Жаңа кітап-жаңа әлем» тақырыбында жаңа келіп түскен көркем әдеби кітаптармен таныстыру мақсатында онлайн жүздесулер ұйымдастырылды. Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында «Жамбыл жырлары» атты байқау жоғары буын оқушылары арасында ZOOM форматта өтті. Болашақ журналист және тілші мамандықтарын таңдап отырған оқушылармен «Кітаптар әлемінде» атты сұрақ-жауап тілдесу «Ұлан» газеті бас редакторы Ж.Нармаханованың пайдалы кеңестерімен онлайн ZOOM форматта өткізілді.

«Мұқағали мәңгі жыр» атты тақырыпта ақиық ақын М.Мақатаев өлеңдерін бастауыш буын өкілдері арасында жатқа айту байқауы онлайн өткізілді. Ата-аналармен бірлескен «Поэзия жәрмеңкесі» атты кең мауқымды байқау Ы.Алтынсариннің өлеңдерін насихаттау бағытында бастауыш буын оқушылары арасында ұйымдастырылды. Біздің мақсатымыз – мұндай шараларды жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу, кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру. Кітапхана оқырманның жеке басының дамуын, қызығушылығын арттыруды көздейді

Негізгі міндет – әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, жағымды ортада өз бетімен білімін жетілдіруге және өзіндік тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау. Сонымен  қатар құнды кітап қорын пайдалана отырып, оқушыларды жаман ортаның әсерінен, қылмыстан, есірткіден бойларын аулақ ұстауға үйрету. Оқушыларды кітапты сүйе білуге, оқу мәдениетіне, тарихи, өнегелі және патриоттық әдебиетпен қатынасын арттыру. Мектеп партасында отырған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді рухани байыту –кітапханамыздың төл ісі. Сондықтан  біздің кітапхана, қорыта айтқанда, өзіне мынадай міндеттер жүктейді:

Жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеуге атсалысу; Оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу; Мектептің педагог қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге септігін тигізу. Қашықтық режімінде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетуді тиімді пайдаланып, өз оқырмандарын дер кезінде өзекті ақпаратпен қамтамасыз етумен қатар қызықты, мазмұнды жобалар ұйымдастырып,онлайн кездесулер өткізіп оқырмандардың ыстық ықыласына бөлене білді.

Баян УМАРОВА,
№ 156 жалпы білім беретін мектептің
кітапхана меңгерушісі,
Шынар КУНТУГАНОВА,
кітапхана көмекшісі, Алматы
қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий