Атырау – НЗМ: Оқушыларға арналған арнайы тренинг

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тең-теңіне әдісінің негізінде жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелерін оқыту» атты оқушыларға арналған тренинг басталды. Бұл іс-шара БҰҰ Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA) қолдауымен жүзеге асырылады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Тренинг қорытындысы бойынша таңдалған екі оқушы үстіміздегі жылы UNFPA-мен ұйымдастырылатын Жазғы мектепке қатысады (Түркістан облысы). Осы екі оқушының Жазғы мектепке қатысуына байланысты шығындар UNFPA қаражаты есебінен жүргізіледі. Тренингке Атырау қаласындағы он алты мектептің 32 оқушылары қатысып жатыр. Тренингті Y-Peer желісінің тренерлері мен еріктілері Амина Жұмамұрат пен Ян Конищев жүргізуде.

Айта кетейк, шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау облысының әкімдігімен бірлесе Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету бойынша бағдарламаға кіретін балалардың әл-ауқаты жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий