Ақмола облысында орта білім беретін үздік ұйым анықталды

Ақмола облысының мемлекеттік орта білім беру ұйымдары арасындағы жыл сайынғы «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды осы жергілікті аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Байқау комиссиясы аудандық және қалалық білім бөлімдеріндегі 16 мектеп ұсынған материалдарды қарап, Зеренді аудандық Зеренді ауылының білікті басшы Халелова Эльмира Майданқызы жетекшілік жасайтын Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздар ұжымы жеңімпаз ретінде танылды. «Бұл байқауды өткізу тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, қорытындылауға және таратуға мүмкіндік береді”, – дейді ұймдастырушылар. Байқаудың барлық қатысушыларына қызықты және мазмұнды жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз! Жеңімпазды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий