Қолжетімді білім беруде – педагогтердің кәсіби дамуы

Қазір мұғалімінің кәсіби біліктілігі – мектепті өзгертетін күш деп танылып, мұғалімдерге өзгеру, жаңғыру, даму керек екендігі туралы көп айтылуда. Сонымен, орта білім беру саласындағы қол жетімді білім берудегі басым бағыттары: өзгеріліп тұратын экономикалық жағдайларда икемді бейімделе білуі, өз бетінше білім алып, оны тәжірибеде, түрлі мәселелерді шешуде дұрыс қолдана білуі, қазіргі технологияларды тиімді пайдалану жолдарын іздеуі, жаңа идеяларды генерациялауға қабілетті болуы, шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, ақпаратпен жұмыс істей білуі, түрлі әлеуметтік топтарда тіл табыса білуі, дау-жанжал жағдайларын болдырмаудың алдын-алуы және инновациялық қызметті қолдауға бағытталған сапалық деңгейдегі проблемаларды шешу болып табылады.

Қазіргі заманауи педагогтерге ең өзектісі өзіндік “кәсіби даму”, дәлірек айтсақ “кәсіби өзін-өзі дамыту”. Кәсіби (өзін-өзі дамыту) – таңдаған мамандығына жеке серпін, қозғалтқыш күш беру/ Педагогикалық түсіндірме/ сондай, ақ тұрақты даму және өзін — өзі дамыту-педагогикалық мамандықтың маңызды компоненттерінің бірі болып табылуда. Даму-бұл табиғаттың, қоғамның, адамның өмір сүруінің әмбебап қағидасы, оның ішінде қайтымсыз, бағытталған және тұрақты өзгерістерді түсіну. Кәсіби дамуды адамның жеке және әлеуметтік дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады.  Өзін – өзі дамыту-бұл үнемі жұмыс, Өзін-өзі жетілдіру және жеке қасиеттерді дамыту. Бұл процесте адам өз қалауы мен мақсаттарына назар аударады және оларға жету үшін үнемі жаңа білім алады. Бұл процесс өмірдегі жетістікке жетудің негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы да, екіншісі – «ҚР 2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған болатын. Бұл екі құжат еліміздің білім саласын жаңа сапалық деңгейге көтеруге, мұғалімдердің абыройы мен беделін арттырып, құқығын қорғап, оларды шынайы шығармашылық ізденістерге бастайтын ізгіліктегі қажеттілік екенінде дау жоқ. Бұл қажеттілікке жетудегі басты  стратегиялық мақсат – адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қана қою жеткіліксіз, соған сәйкес ақпарат негізінің артуы мен оның өсу модернизациясына ілесу болып табылады.

Қазіргі біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі миссиясы – педагогтердің кәсіби дамуына қажеттілікті қанағаттандыратын факторлармен негізделген өзіндік ерекшеліктерге ие. Біріншіден, біліктілікті арттыру ұйымдарында педагогикалық қызметтің мазмұны тұрғысынан педагог қызметкерлердің әртүрлі санаттарын оқыту жүзеге асырылады, бұл, бір жағынан, оқыту құралдары мен ресурстардың жан-жақтылығы, екінші жағынан, білім алушы категорияларының пәніне қойылатын  ерекшелігін ескеру. Қазіргі жаңа дәуір – қатаң бәсеке ғасыры.

Бәсекеге білім түспейді, білімді игерген адам, адамның санасы түседі. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арналған кезекті Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық». Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.Өйткені, қай уақытта да білімді ұрпақ – болашақтың кепілі.

Ал, ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын айқындайтын ең маңызды факторлардың бірі. Осы міндеттерді шешуде қоғам педагогтарға үлкен үміт артады. Олай болса, білім беру жүйесіне шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген кәсіби шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Кәсіби шебер маман қай уақытта да жедел түрде  (мобильді)  педагог,  психолог, ұйымдастырушы, кеңесші, технолог, тәлімгер, тьютор, модератор, аниматор, менеджер сияқты өзіндік дербестігімен ерекшеленеді – дейді зерттеуші Андреас Шлейхер.

Демек, мұндай деңгейге көтерілу үшін мұғалімде қол жетімді мотивтер болу керек, олар: күнделікті ақпаратпен жұмыс (күнделікті кеңістіктегі толассыз ақпарат көзін меңгеру, міндетті түрде пән бойынша емес); шығармашылық талпыныс (идея, көзқарас, түсінік, тәжірибе, талдау); қазіргі заманғы ғылымның дамуы  (педагогика, психологиядан басқа да білім және ғылым саласына енген әлеуметтік ғылымдардың кірігуі); қоғам өміріндегі өзгерістер (инновациялар, технологиялар, ситуациялар, экономикалық тенденция, жаһандану, ақпараттық, сандық ресурстар …).

Бәсекелестік (саналылықтан-сапалылыққа, ішкі рухани ұмтылыс); материалдық стимул (тұрмыс сапасы, іскерлік сапа, интеллектуальдық сапа); қызығушылық, креативтілік, командалық жұмыс, сыни ойлау (4К модель); ҚР білім беруді дамытуға бағытталған стратегиялық басымдылықтарын жүзеге асыру және тағы да басқалар. Осы жауапкершілікті жүзеге асыруда, мемлекеттік сұраныстағы мұғалімдердің кәсіби біліктілікті арттыруға да үлкен жауапкершілік жүктелуіде. «Ақтөбе-Өрлеу» педагогикалық біліктілікті арттыру институты облыс педагогтерінің кәсіби дамуына жағдай жасауда 2017-2020 жылдары арасында жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында он мыңнан астамын, жыл сайын қысқа мерзімді мемлекеттік тапсырыс негізінде 3,5 мыңға дейін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда.

Бұл ғылыми  жетістіктердегі  өскелең  ұрпақты оқытудағы  және тәрбиелеудегі қазіргі кеңістіктегі білім саласындағы жаңашылдықта мұғалімдер қауымы ақпараттанды деген сөз. Сондай-ақ еліміздегі жағдайға байланысты қолжетімді білім беруде де, біліктілікті арттыру жүйесі ZOOM, Ютубе платформалары арқылы онлайн форматта өтілуде, сондай-ақ мұғалімдер кері байланыс үшін электрондық поштаны, whatsapp чаттары арқылы алған ақпараттарымен өзара тәжірибе бөлісе отырып, өзіндік және жобалық жұмыстар, ықшам сабақтар сериясын қорғауы, курстан кейін өздерінің кәсіби дамуында түрлі байқаулар, пәндік олимпиадаларға, вебинарларға, семинарларға қатысуы педагогтардың қоғам сұранысындағы қажеттілік пен мүмкіндіктегі кәсіби дамуы деп ойлаймыз.

«Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс», –  деген Жүсіпбек ақын Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор.  Өзінің кәсіби дамуда нақты жолы бар қоғам қажеттілігін қанағаттандыруға өзіндік үлес қосатын педагог қашанда қоғам сұранысында болары сөзсіз.

Айгул Қыдырбайқызы ҚАПЛИЕВА,
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы” АҚ филиалы Ақтөбе облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының кафедра
меңгерушісі, педагогика ғылымының кандидаты, доцент

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий