Уақыт үдерісі: Білім беруді жаңғыртудың мәні

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты — еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік-саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай білікті, өз ісінің шебері, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол кəсіби маман дайындау.

Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мақсаты — қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, білім беру жүйесіндегі білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын жəне оны дамытуға қабілетті, кəсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту – заманның талабы. 

Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Білімді, білікті мамандар даярлауда ұстаздар қауымының да жүгі едәуір артып, биік белестерді бағындыру жолында аянбай қызмет етуде. Сөзімнің дәлелі ретінде мен басқарып отырған арнаулы оқу орнында мықты, тәжірибелі ұстаздар жетерлік. Шәкірттерін талай додаға қосып, үстіміздегі жылдың өзінде халықаралық жарыстардан жүлделі орындар алып, колледжіміздің ғана емес, облысымыздың, еліміздің абыройын асқақтатып жатқанын көріп, бойымызды зор қуаныш пен мақтаныш сезімі биледі.

Атап айтар болсам: Ұлыбритания мемлекеті мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Шығармашылық ұшқын» жобасы аясында бірлесіп ұйымдастырған «Шығармашылық климаттық қозғалыстар» атты видео сайысы өткен болатын.  Бұл сайысқа Қазақстан Республикасы бойынша кәсіпкерлікке көмек көрсету орталығына тіркелген колледждер қатысты. Сайыстың негізгі діттеген мақсаты Ұлыбритания тәжірибесін қолдана отырып, білім беру процесінде шығармашылық, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту.

Сайысқа колледждің арнайы пән оқытушысы Жолаева Ләззат Бауыржанқызының жетекшілігімен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығының білім алушылары Бейсенбек Ержан, Серікбаева Ақниет, Оңалбек Дина, Баймұратов Береке қатысып, өздерінің идеяларымен бөлісті. Олар: «Туризм саласы үшін қалдық пластиктен 3d принтер өнімдерін шығару» идесын ұсынды. Сайыс қорытындысы бойынша сайысты ұйымдастырушылар біздің білім алушылардың идеясын тек пайда көріп қана қоймай, басқа да кәсіпкерлерге бизнес жасауға мүмкіндік туғызатын, инновациялық, түбегейлі зерттелген идея деп танып, жүлделі бірінші орын және 120 000 теңгенің сертификатын берді.

Сонымен қатар Павлодар облысының білім басқармасы  Инновациялық Еуразия университеті жоғарғы колледжі  ұйымдастырған «ХХІ ғасыр студенттері мен оқушыларының зияткерлігі: мүмкіндікті іске асыру, перспективалар» атты колледж білім алушылары мен мектеп оқушыларының оныншы халықаралық ғылыми практикалық қашықтық конференциясы болды. Конференцияға «Техникалық пәндер» секциясы бойынша арнайы пән оқытушылары Исаев Орман Сарманұлы мен Құлмырзаев Серғали Рахметұлының жетекшілігімен «Электр және электр механикалық жабдықтар» мамандығының білім алушысы Сарманов Алмас қатысып, бірінші дәрежелі дипломға ие болды.

«Эконмикалық пәндер» секциясы бойынша арнайы пән оқытушысы Батыршаева Зәуре Серікқызының жетекшілігімен «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының білім алушысы Нұсқабай Жанна қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Міне, мұның барлығы ізденімпаз ұстаздарымыздың еселі еңбектерінің жетістігі. Әрбір қажырлы еңбектің артында ұлы жеңістің бары, баптап өсірген талдың жайқалып жеміс берері анық.  

Гүлжан Әлиқызы  ШАЙМЕРДЕНОВА,
Кентау көпсалалы колледждің директоры,
Түркістан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий