Баланы отбасы, балабақша, білім беру жүйесіндегі мектепке дайындау туралы

“Өзін-өзі тану» балабақшасының тәрбиешісі Ольга Смирнова және «Өзін-өзі тану» гимназиясының педагог-психологы Нина Шевелева тікелей эфирде «Баланың рухани тұлғасы дамуының бастауы – баланы отбасы, балабақша, мектеп жүйесіндегі мектепке дайындау туралы» («Балабақша мен мектептің сабақтастығы» ӘБ жұмысының тәжірибесінен) тақырыбы бойынша сөз сөйледі, – деп хабарлайды ұйымдастырушы тараптың баспаксөз қызметі.

Ольга Смирнова өз сөзін Сара Алпысқызының сөзімен бастады: «Мен балалардың алғашқы жылдарынан бастап әрқашан сау және бақытты болу өнерін игеріп, өмір сүру даналығы мен адамзатқа қызмет ету бақытына ие болып, білім алып, өсуін,  олардың кім екенін, не үшін өмір сүретінін және не үшін тырысуы керектігін түсінгенін қалаймын. Әркім өзін-өзі көрсетуі керек». Бала мектепте өзін толықтай аша алады. Біз баланы мектепке дайындауымыз керек.

Нина Шевелева үйде балалардың жасына сәйкес міндеттерінің болуы мен орындауға жауапкершілік алуы мектепте ойдағыдай білім алу үшін маңызды екенін айтты. Мектеп жасына дейінгі балалар дастарқан жая алады, ыдыс жуады, киімдері мен аяқ киімдерін тазартады, кіші жастағы балаларға қарайды, балықтарға, құстарға су бере алады және гүлдерді суара алады. Сонымен қатар, егер балалар мектепке барар алдында үйде және балабақшада жауапкершіліктері болса, әдетте, олар оқу іс-әрекетіне оңай үйренетіні аталып айтылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий