Мәртебелі мамандығыммен мақтанамын

Құрманов Еркебұланның есімі мен спорт саласындағы еңбегі барша жерлестері үшін танымал. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданындағы қазақ мектеп интернатында дене шынықтыру пәнінен дәріс үйрететін тәжірибелі тәлімгердің бапкерлігімен шыныққан шәкірттері аудан мен облысты атпағанда республикалық және халықаралық жарыстарда жиі топжарып жүр. Каратэ шығыс жекпе-жегі бойынша қара белбеудің иегері атанған еліміздегі джиу джитсу спортының шеберімен аз-кем әңгімелескен болатынбыз.

Еркебұлан Мұратқанұлы, мұғалім мамандығына келу жолыңыз туралы атсаңыз? – Педагогикалық салаға ерекше қызығушылығым мектеп табалдырығынан басталды. Білім ордасындағы ұлағатты ұстазыма қарап бой түзеп, “менде оқытушы боламын”- деп, шешкен болатынмын. Таңдаған мамандығым бойынша жоғары білім алғаннан бері, шәкірттерге ізгілік нұрын сіңіруге барынша үлес қосып келемін.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі шәкірттері үшін лайықты үлгі болуы керек. Спорттағы жетістіктеріңізбен бөліссеңіз? – Қазақта жақсы нақыл сөз бар ғой “адам екі нәрседен қателесуге болмайды”  – деген, соның бірі мамандық таңдау. Мен жүрегіме жақын кәсіпті меңгергеніме әрқашан қуанамын. Спорт менің тынысым. Әр оқушымның жаңа жетістігі алдағы биік белестерді бағындыруға жетелеп, тынымсыз ізденістерге бастайды.

«Дене шынықтыру» ұғымы сіз үшін нені білдіреді? Қандай адамды осы қиын да күрделі салаға шынайы берілген деп санайсыз? Сіздің өміріңізде осындай керемет адамдар кездесті ме? – Дене шынықтыру ұғымы мен үшін мықты, төзімді деген ойды береді. Өзінің осал тұсымен көп жұмыс жасау арқылы кез келген қиындық еңсерген адамды шарболаттай шыңдалған деуге болады. Мен қол жеткізген тұғырында тоқтап қалмай ілгері ұмтылған озық ойлы оқушыларымның көбісінің бойынан осы қасиетті көре аламын. Бұл ерекшелік спорттың барлық түрімен тұрақты айналысатын үлгілі үздіктің қарымды қабілетімен қабысуы қажет.  

Сіз үшін жаныңызға ең жақын спорт түрі қандай? Өнеге тұтатын кумиріңіз кім? – Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде барлық спорт түрінен дәріс беріп, айла-амалдарын жетік үйрету міндетім. Қазіргі таңда заман талабына сай қазақ күресі, дзюдо, каратэ, самбо сынды спорттың ең көп тараған әрі олимпиадалық деңгейдегі түрлерінен әлемдік алпауыттар арасында тәуелсіз мемлекетіміздің намысын қорғап, көк туымызды желбірететін жігерлі жастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлудеміз.

Дене шынықтыру мұғалімі мамандығын таңдағысы келетін жас түлектерге айтар кеңесіңіз? – Бұл кәсіпті меңгеретін адам ең алдымен салауатты өмір салтын ұстануы шарт. Денсаулығы мықты шыныққан ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздың өзі басқалардан көптеген қасиеттіріне қоса қабілетімен даралануы қажет.  Барша мойындаған шымыр шәкірттерді дайындаудан басқа бақыт жоқ мен үшін. Сондықтан бұл мәртебелі мамандықты шын жүрегіммен жақсы көремін және мақтанамын. Сөзімнің соңында оңашада ойланып отырғанда, туған жер туралы қағаз бетіне түсірген жыр шумақтарын барша оқырмандардың назарына ұсынғым келеді.

Баршатасым
Баршатасым Бесбақаңның қойнауында,
Әкеммен мал баққам бауарайында.
Өсіп өндік қасиетті топырағында,
Шыққан екен батыр, баба жазушы да.
Абай туған, сол жерде, Шәкірім де,
Шипалы суы мол бұлағын да.
Туған екен сол жерде талай мықты,


Иығымен тау көтерген балуан да.
Баршатасым қасиетті туған жерім,
Кіндік қаным тамған жерім, туған елім
Жер жете ме өзіңе бұл жаhанда,
Сондықтанда Баршатас» деп  атаған ба?
Достарым бар тасты үгіп, құм қалдырған,
Тасты қойып тауыңды кері аударған
Мақтанамын достарыммен әрқашанда,
Тіл тимесін оларға ешқашанда.
Ашық әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий