ҚР Білім және ғылым министрі әлемдегі беделді университеттердің білім грантына ие болған түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар жолдады

Павлодардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері Қасиет Сабыр, Тания Тлеубаева және Адия Мұратхожинаның ата-аналарына ҚР Білім және министрі Асхат Аймағамбетовтың атынан алғыс хаттар жолданды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Онда министр – «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, әлемдегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының білім гранттарына ие болған балалардың ата-аналарына өз ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар, Павлодардағы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогтарының еңбегін ерекше атап өтті.

Алғыс хаттарды оқушыларға мектеп директоры Ринат Жұмабаев табыстады. Ол алдағы уақытта оқушылардың мектебіміздің мәртебесін әлемдік ареналарда шығарып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Қасиет Сабыр, химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі: – Шетелдік университетке шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Мен Италия мемлекетіндегі Падуа университетіне ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша оқуға түстім. Осы мектепте 6 жыл бойы білім нәрімен сусындап, ұстаздар тәрбие алғанымызға өте ризамыз. Осы уақыт аралығында тайм-менеджмент, бәсекеге қабілеттілік, төзімділік және алға мақсатты дұрыс қоюды үйрендік. Мұның барлығы ұстаздарымыздың арқасы.

Тания Тлеубаева, химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі: Біздің ата-аналарымызға мың алғыс білдеремін. Өйткені, кез-келген сәтте бізге және біздің таңдауымызға әрдайым қолдау көрсетеді. Мектептің қазіргі оқушыларына тек қана сәттілік тілеймін. Әрдайым ізденіп, мақсаттарына жете берсін. Сонымен қатар, өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауларын сұраймыз. Ең бастысы, қалаған оқу орындарына түсулеріне тілектеспіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий