Тәуелсіздік табысы: Білім саласындағы жетістіктеріміз жоғары
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскенінен биыл отыз жыл. Тарихи өлшеммен алып қарағанда, айтарлықтай көп уақыт емес. Еліміз осы қықа кезеңде талай ауқымды өзгерістерді бастан кешірді. Экономикалық дамудағы жетістіктер, еліміздің өсіп-өркендеуі, тұрмыс тіршіліктің жақсаруы, тұрақты жұмыспен қамтылуы, халық көңіл-күйлерінің орнығуы, түрлі әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарына төтеп беруі.

1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасып, білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді. Жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі беріліп, үш тілде оқыту жүйесі енгізілді және кредиттік жүйе мен тегін оқу гранттары жыл сайын көптеп бөлінуде.
Облыстың білім беру жүйесінде де оң бағыттағы елеулі өзгерістер болды. Ең алдымен жыл сайын қаржыландырудың жақсы оң динамикасы облыстың білім беру жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік берді. Инновациялық, экспериментальды 12 жылдық білім беру, жаңартылған білім беруге көшу, электронды оқыту, жан басына шаққанда қаржыландыру, үш тілде білім беру жобалары табысты жүзеге асырыла бастады. Балабақша қызметінің қайта жанданғанына қалың көпшіліктің қуанғанын көрудеміз.
Жекенің қолындағы бос ғимараттар қайтарылып, заман талабына сай жүздеген мектепке дейінгі мекеме салынды. Бес мемлекеттік бағдарлама жасалып, ұлттық білім берудің моделі қалыптасты. Нормативтік-құқықтық база бекіді. Аймақта мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру, балабақшаларға қолжетімділікті кеңейту бағытында жұмыстар жолға қойылды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары өңірдегі 433 балабақшаның 85 пайызы немесе 370-і жекешелендірілген болатын. Жалпы, 1999 жылға қарай облыстағы балабақшалар саны 68 бірлікке дейін азайды.
Облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі 2006 жылдан бастап қайта жандана бастады. «Балапан» бағдарламасы – еліміздің мектепке дейінгі білімін қалпына келтірудің басты белгісі болды. Алғаш рет республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға барлық меншік нысанымен мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін нысаналы трансферттер бөлінді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көпшілігі 2010 жылдан бастап ашыла бастады. Облыста 2010-2020 жылдар аралығында 37 мыңнан астам орынға арналған 478 мектепке дейінгі ұйым пайдаланға берілген екен.
1999 жылдан бастап желі 68-ден 546 бірлікке дейін артты. Қазіргі таңда бізде 546 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 42900 бала қамтылған. Мыңжылдықтар тоғысынан бастап балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту жетпіс жеті пайызға жоғарылап, 86,3% – ды құрады. Отыз жылда облыс бойынша қазақ тіліндегі мектепке дейінгі ұйымдар саны артты. Мемлекеттік тілде білім мен тәрбие беретін балабақша 23 болса, қазірге жалпы саны 421. Бүгінгі таңда ұлттық балабақшаларда 852-ден астам орыс және басқа да ұлыстардың бүлдіршіндері қамтылған.
Мемлекеттік және жекеменшік серіктестікті дамыту мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарының бірі болып табылады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға айтарлықтай әсерін тигізді. Нәтижесінде олардың саны 4-тен 160 бірлікке немесе 40 есеге дейін артып, жалпы қамтуды 34 пайыздық ұлғайтуға мүмкіндік берді. Республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттерден жыл сайын облыстың жекеменшік балабақшаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Тәуелсіздік жылдарында облыстағы орта білім беру саласыныӊ инфрақұрылымы айрықша жақсаруының нәтижесінде мектептердің жалпы желісі 20%, 1991 жылы 523-тенен 2016 жылы 422-ге дейін негізінен шағын жинақты мектептердің жабылуы есебінен қысқарды. Оқушылардың контингенті 1991 жылы 139114 адамнан 2016 жылғы 123940 адамға дейін қысқарды. Бұл үдерісті ішкі және сыртқы көші-қонмен, тоқсаныншы жылдардағы демографиялық құлдыраумен түсіндіруге болады. Ал соңғы бес жылда 33835 адамға (22%) артқаны белгілі болуда.
Облыста бір Назарбаев Зияткерлік мектебі, 4 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар, инновациялық режимде жұмыс жасайтын жеті гимназия, 15 мектеп – гимназия және үш мектеп-лицей ашылды. Дербестікке қол жеткізгенге дейін қазақ тіліндегі мектептер барлық білім ордасының жартысына да жетпейтін және ана тілімізде оқитын ұл-қыздардың үлесі бар болғаны 37 пайызды құраған еді. 2020 жылы 403 мектептің 270-і қазақ, 112-і аралас, 24-і орыс тілінде білім беруде. Жыл ұзаған сайын орыс тілінде оқытатын және аралас мектептер саны азайып келеді.
Осы жылдар аралығында 3 аралас мектеп қазақ мектебі болып қайта құрылған. Жаңадан ашылған білім беру ұйымдарының 95 пайызы мемлекеттік тілде оқытуда. Жалпы білім беретін мектептердегі 157775 оқушының 76 пайызы (119695 оқушы) қазақ тілінде оқиды. 1991 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 69 609 балаға (+58%) көбейді. 1991-2020 жылдар аралығында жобалық қуаты 48800 орындық 153 мектеп пайдалануға берілді. Орын тапшылығын жою мақсатында 18138 орындық 44 мектеп; үш ауысымда оқытуды жою мақсатында – 16910 орындық 35 мектеп; апатты мектептердің орнына – 9459 орындық 44 мектеп; бейімделген ғимараттардың орнына – 4342 орындық 30 замануи мектептің салынуын тәуелсіздіктің жемісі ретінде айрықша атап айтқанымыз абзал.
Облыста үш тілде білім беретін 127 мектеп жұмыс істейді. Оларда 1046 жаратылыстану бағытыныӊ мұғалімдері ағылшын тілінде білім береді. 2013 жылдан бастап жан басына қаржыландыруды сынамалау жүргізіліп, былтырғы қыркүйектің бірінен қалада орналасқан орта білім беру ұйымдарына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда облыста 18466 педагог еӊбек етуде. Олардыӊ сапалық құрамы айтарлықтай жақсарды. Педагогтардыӊ біліктілігін арттыру жүйесі білім беру саласында айрықша орын алып, арнайы курстарға 17 мыңнан астам мұғалімдер қамтылды.
2012 жылдан бастап қолға алынған ұстаздар еӊбегін ынталандыру мақсатындағы “Үздік педагог” республикалық байқауына қатысқан 38 жергілікті майталман маман осы мәртебелі педагог атақты иеленді. Мектептердіӊ материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында жаӊа модификация кабинеттерімен 1063 лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен,интерактивті тақталармен жабдықталды. Кең жолақты нтернет желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық білім ордасы толық жүз пайыз қамтамасыз етіліп отыр.
2001 жылы бір компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таӊда бұл көрсеткіш 1:5 құрайды. Облыста әр екінші оқушы қосымша білім берумен қамтамасыз етілген. Өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзгеше тетігі қалыптасқан. 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда. Инклюзивті білім берумен барлығы 3853 бала қамтылған. Облыста барлығы үш психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 1 оңалту орталығы, он бес психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері және 1 балалар сауықтыру лагері түзетім көмекті көрсетеді.
Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі – «Бақытты бала» жобасы аясында елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті балаларға арналған «Күншуақ» сауықтыру лагері, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) «Нектар» балабақшасы ашылды. Облыста республика аумағы бойынша алғаш рет іске қосылған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс жасайды. Екі жыл бұрын балалар үйі мен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қосылуы арқылы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы қызметін бастады.
1991 жылмен салыстырғанда кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жиырма бірлікке артып, қазіргі кезде 43 колледжді құрайды. Түрлі мамандықты таңдаған білімгерлердің үлесі 8109 ұлғайып, қырық пайызға көбейген. Арнаулы оқу орындарындағы жаңашыл жастардың осы кездегі саны 20559. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі экономика саласыныӊ 32 бағыты бойынша сұранысқа сай кәсіби мамандарды дайындайды. Яғни бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 63-тен жүз мамандыққа дейін артқан. Бұл күндері таңдаған мамандығын игерген жас түлектердің 3-4 біліктілік бойынша диплом иелену мүмкіндіктері бар.
Төрт колледж (ауылшаруашылық, политехникалық, медициналық, Хромтау тау-кен колледждері) жоғары колледж атағына ие болды. Дуалдық білім беру технологиясын енгізу кеӊ ауқымда жүргізілуі себепті 43 колледж әлеуетті отандық кәсіпорындармен серіктестік негізде білім беру жұмыстарын жаңаша жалғастыруды жолға қойды. Нәтижесінде ортақ мақсаттағы тиімді уағдаластық бойынша қол қойылған 1468 келісім-шарттың негізінде мүдделі тараптардың іскерлік байланыстарын нығайтуға. Тәуелсіздіктің отыз жылында білім саласы бойынша ақтөбелік педагогтердің қол жеткізген толымды табыстары алдағы төртінші он жылдықтың жоғары деңгейдегі биік белестеріне жетелейтін соны серпін сыйлайтын берік баспалдақ болары даусыз.
Нұргүл Лескенқызы БЕРТЛЕУОВА,
Ақтөбе облысы білім басқармасы
басшысының орынбасары