Үш тілде оқыту – заман талабы

Қазіргі таңда көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту мен қалыптастыру.

Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне деген махаббатты оятуға ұластырады, ерте жастан ағылшын тiлiн үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiнің пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу – ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет.

Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей – өнер-бiлiмді меңгеру. Адаев Бауыржанның ағылшын сөздерін жаттау методтарына талдау жасау, оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алатынын көрсеткен. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет екенін осы ғылыми жұмыста ашық көрсеткен.

Динара Серікбайқызы КОШЕРБАЕВА,
№ 152 мектеп -гимназияның ағылшын
тілі пәні мұғалімі, ғылыми жетекшісі,
Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий