Балалар фестивалі: Тәуелсіздік кинолентасы

Қазақ даласы ғасырлар бойы аңсап, қол жеткізген Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Бұл – үлкен мереке. Азаттықты атап өтпеу –  Қазақ даласы үшін мүмкін емес дүние. Осы орайда өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына патриоттық сүйіспеншілік пен тарихымызға деген қызығушылықты, бәсекеге деген қабілетті дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Міне, осындай іс-шаралардың бірі – Тәуелсіздік кинофестивалі.

Қалалық фестиваль балалардың дарынын дамытатын Оқушылар сарайында өтті. Кинолентаның мақсаты: заманауи өнер үлгілерін қолдау, балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өскелен ұрпақтардың арасынан дарынды балаларды анықтау, шығармашылыққа баулу, рухани құндылықтарды насихаттау, ауылдық жерлердегі балалардың шығармашылық тұрғыда өзін сыни бағалауға, іс-шараға қатыстыру арқылы бәсекеге қабілетті және қосымша білім ұйымдарына деген қызығушылықты арттыру болды. Байқауға кез-келген жалпы орта білім және қосымша білім беру ұйымдарындағы 13-17 жас аралығындағы балалар қатысты.

Фестиваль екі кезеңнен тұрды: қалалық (аудандық) кезең, Облыстық қорытынды кезең. Кинофестивальға қатысу барысында әртүрлі жанрдағы және шығармашылық тұрғыда шектелмейтін жұмыстар қабылданды. Байқауға қатысу барысында автордың өз қалауымен кез-келген дәстүрлі немесе сандық технологияларды қолдануға рұқсат берілді. Олардың ішінде: бейнекамера, фотокамера, ұялы телефон камералары, дрондық камераларды қолданылды. Іс-шара кезеңінде компьютер немесе ұялы телефондарда монтаждалған кемінде 3 минут болатын шығармашылық жұмыстар қабылданды.

Осындай жұмыстарды бағалауда арнайы номинациялар тағайындалды және балалардың қабілетіне баға беретін әділ қазылар алқасы да болды. Кинолента келесі номинациялар арқылы өткізілді: деректі  кино – нақты оқиға негізінде алынған адамдар, жағдайлар туралы шығарма; ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма; Stop-motion-видео – технолгиясымен құрылған видео, сюжетті (таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалған ролик) шығарма.

Және өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім – қалың көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне назар аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама; анимациялық кино – кез-келген мультипликациялық техникада орындалған, компьютерлік немесе тақырыптық қозғалмалы иллюзияны құрайтын шығарма; музыкалық клип – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы; телевизиялық сюжет – ел өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және басқа да қысқаша ақпаратты қамтитын кинохрониканың бір түрі; киножурнал – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқаметражды фильм. Шығармашылықта шектеу қойылмайды, алайда бұл фестиваль сайыс түрінде болғандықтан оның өзінің бағалау өлшемдері болды.

Киноленталық метражды фильмдердің бағалау өлшемдері мынадай талаптардан тұрды: фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы; тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы; өзектілігі, эмоционалдық әсері; режиссерлік және операторлық өнері (түсірілмнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы, және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері); музыкалық сүйемелдеу; сценарийлық жұмыс. Фестивальге қатысқан барлық фильмнің әрбір детальдары жіті қаралды. Барлық жұмыстар бірінен соң бірі асып жатты. Балалардың дарындық қабілетіне әділ қазылар ерекше тәнті болды. Сонымен қатар, бұл байқаудағы қатысушылардың дарыны мен фильм түсіру қабілеттері ғана емес, фильмнің мазмұнына да ерекше мән берілді.

Сайыстағы фильмдердің мазмұнының ашылғандығы, балалардың қызығушылықтары мен армандары, салауатты өмір салтын насихаттауы, мейірімділік пен қайырымдылықты дәріптеуі, ұрпақтар диалогы, қоршаған ортадағы экологияның мәселелері мен отансүйгіштік қасиеттерді танытуы, ана тілді құрметтеу мен әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары бағаланды. Кинофестивальға қатысқан фильмдердің форматы көлденең түсірілген, сапасы жоғары болды. Әр жұмыста видеофильмдерден алынған үзінділер, фото, интервью, блиц-сұрақтар, титрлар мен субтитрлер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстыр мен фрагменттерге рұқсат етілді. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немсе титрде фильмдерге қатысқан авторларды көрсетілуі міндеттелді.

Сондай-ақ, бір автор бір фильмнен артық ұсынуға, фестивальге ұсынылған фильмді қайтаруды талап етуге, бөтен авторлық құқықты бұзуға, нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтерін пайдалануға, адамның қадір-қасиетін бұзуға, зорлық-зомбылықты насихаттауға тиым салынды. Сайысқа қатысу үшін әр автор Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығына сұраныс берді. Осындай талаптарды ескере отырып, қалалық кезеңде Сәтбаев қаласынан 10 мектеп, 17 автор қатысты. Оның ішінде ерекше көзге түскені Абай атындағы №4 мектеп лицейі болды, себебі бұл мектептен 7 авторлық шығарма байқауға қатысты.

Әділ қазылардың бағалауының нәтижесінде бес автор номинация, төрт автор 3 орынды, үш автор 2 орынды, қалған үш автор 1 орын мен бір ғана автор бас жүлдені иеленді. Оның ішінде номинациядан: №14 мектептің авторы Антонов Никита Николаевич «Бездомные живтоные» фильміне «Видеопродукция с остро социальной тематической направленности» номинациясын алды; №4 мектеп лицейінің авторы Өмірбек Марлен Берікұлы «Наши поступки-наше будущее» атты фильміне «Острая социальная направленность» номинациясын алды; №7 мектептің авторы Нұртазаев Аслан Мейрамбекұлы «Тәуелсіздік кинолентасы!» атты фильміне «Деректі кино» деген номинация алды.

№9 мектептің авторы Мукамбетұлы Бекарыс «Кітап-қазына» атты фильміне «Деректі кино» номинациясын алды; ал №25 мектептің авторлары Риммель Николь, Мальцев Иван, Василенко Магдалина «Наши успехи» фильмдеріне «Киножурнал» номинациясын алды. 3 орынды иеленгендерден: Абай атындағы №4 мектеп лицейінің авторы Амантаева Ақерке «Кітап-асыл қазына» атты фильміне, Абай атындағы №4 мектеп лицейінің Жұмаған Әділхан «Кітап оқу немесе интернет желісі» фильміне, №15 мектептің авторы Алдаберген Ханшайым «Stay Home» атты фильміне, №27 мектептің авторлары Мұратбек Меруана, Дутбаева Ақбота, Жолдыбай Назым «Менің сүйікті қалам Сәтбаев» фильмдеріне: «Телевизиялық сюжет», «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», «Киножурнал» номинацияларын алды.

Екінші орын алғандардан: №19 мектеп лицейінің авторы Кенже Арайлым Хамитқызы «19 арна» фильміне, Оқушылар Сарайының авторы Болат Аяулымның «Сен» атты фильміне, №4 мектеп лицейінің авторы Тлеутаев Жарас «Рақмет» фильміне: «Телевизиялық сюжет», «Музыкалық клип» номинациялары берілді. Бірінші орын алғандардан: Абай атындағы №4 мектеп лицейінің авторы «Моя страна- моя судьба!» фильміне «Анимационное кино», №1 мектеп гимназияның авторы Уалиева Феруза «Болашақта кім боламын?» атты фильміне «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», Абай атырдағы №4 мектеп лицейінің авторы Сабит Сағыныш «Тәуелсіз елім – тірегім» фильміне «Киножурнал» номинацияларын алды. Бас жүлдені иеленген Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің авторы Арыстанбекова Әсемай «Бір үйдің баласындай!» фильміне «Музыкалық клип» номинациясын алды.

«Тәуелсіздік кинолентасы» атты байқаудың жеңімпаздары мақтау грамоталарымен марапатталды. Кинолентаға қатысқан әр баланың бойында бәсекеге қабілет пен фильм түсіруге деген қабілеті ашылғанына еш күмән жоқ. Себебі балалардың дарынын дамытып, қызығушылығын арттыратын сайыстарды өткізетін Оқушылар Сарайының мәртебесі биік бола бермек. Тәуелсіздігіміздің 30 жыл мерейтойымен құттықтай отыра, ұрпағымыздан патриоттық рухқа толы, тарихымызға бас ие білетін өнегелі өскелеңдер көбей берсін.

Әсем Кабденовна АБДРАЙМОВА,
Оқушылар сарайының директоры,
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий