Рухани жаңғыру: Қазақы болмыс – ұлттық география

Жер  анамдай  жатырмысың  бұйығып-ай,
Айтармын  шежіремді  бойға  жиған.
Перзенттім  ойшыл  болсаң  шешіп  көрші,
Дегендей  менде  көп  қой  сырлы  жұмбақ. Тарих  тереңіне  ой  жіберіп  көрсек,  талай  ойшыл,  дана  данышпан бабаларымыздың  жазып  қалдырған  географиялық   негізгі  жазбалары, мағлұматтары  КСРО-ның  солақай  саясатының  кесірінен  біраз  деректер  жойылған.

Адамзаттың тіршілігі өмір сүрген ортаға, табиғат болмысы мен құбылысына, төңіректегі жан-жануарлар, жәндік-мақұлықтар мен өсімдік әлеміне тығыз байланысты. Ертеде, ғылым мен техника дамымаған заманда, Құдайдан өзге сенері жоқ халық қарапайым күнкөрісі мен шаруашылығын қоршаған ортаның қилы-қилы жағдайына сәйкестіре қалыптастырып жүргізу мақсатында көп ізденіп, тиісті қаракет жасаған «Кең даланың төсінде мекен етіп, тынымсыз тіршілік кешкен кешегі көшпелі қазақты әшейін «қой бағып, қойыртпақ ұрттап» күнелткен дей алмаймыз.Кеңес одағы кезіңде ғасырдар бойы келе жатқан халқымызыдың білім мен ғылым жолын жоққа шығарып, қағаз бетіне түскен мәліметтерді жойып жіберіп отырған.

Күнделікті тұрмыстағы салт-дәстүр, табиғатпен қарым-қатынас, ырым-тыйым, жұлдыз-жорамалдары,  бәрі де бабаларымыздың дала философиясын ерекше меңгергендігін аңғартады. Шаруа адамына егін егіп, өнімін молайту және төкпей-шашпай мезгілінде жинап алу, малды шығынға ұшыратпай жергілікті жерді бағдарлау арқылы бағып өсіру, қауіп-қатерсіз сапар шегу, тағы басқа да тіршілік проблемалары жергілікті жердегі ауа райы құбылыстарын алдын-ала болжап білуді қажет етті. Ол үшін, жаңа жерлер туралы мәліметтер іздеп, бір жағынан, ауы райының өзгермелігі қалай, не себепті, қандай ізділікте жүретіні зерттелсе, екінші жағынан, ондай өзгеріс болар алдында үй және түз хайуандары, жәндік-мақұлықтар қандай әрекет – құлық танытатынын байқау керек еді.

Ғасырлар бойы осы бағытта жүргізілген оңды, кейде сәтсіз бақылау, зерттеу қазақ халқының табиғатты тану, елтану ілімін арттырды. Кең даланың табиғаты және оның заңдылықтарын зерттеп, зерделеумен айналысқан ғалымдар, білім, діни, сауда мақсатында ел аралап көрген білгенін ұрпаққа жеткізіп отырған жиһанкездер де аз болмаған. Патшалық Ресейге отарлағанға  дейінгі кезеңдегі ғалымдардың еңбектеріне аз-кем тоқталсақ, қазақ халқында география ғылымы дамығанын байқаймыз. Әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың біз білетін еңбектеріне тоқталсақ Шолпан ғаламшарын Күнді айналып өту жолдарын анықтап, бақылаған. Қызыл ғаламшардың нақтылап айтсақ Марстың жүру жолын мұқият зерттей келе оның дүркін-дүркін орын ауыстыратыны сипаттап кеткен.

Жерге сырықты қадай отырып уақыт мезгілін, бойлық пен ендік жайында аз еңбек қалдырмаған. Ғұлама ойшылдар, энциклопедист ғалымдард табиғат зерттеушісі Әбу -Насыр -Аль Фараби, Ж. Баласағұн, С. Бақырғани, М. Қашқари сонау ерте кезден ақ табиғат – қоғам – адам арасындағы дамудың өзара байланстығын және оның біртұтастығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім тәрбиелеудің негізі екендігін көре білді. Халқымыздың ақын жыраулары Бұқар жырау Қалқаманұлы, Қорқыт ата, Асан Қайғының, Мұрат Мөңкеұлының жер бедерін бағдарлай отырып оларға сипаттама беруі, оның адаммен малға жайлығын анықтай білгені оқулық беттерінде айтыла бермейді.

Ұлықбек бабамыздың обсеватория салу арқылы жұлдыздарды ашып орларға атаулар беруі. Біржылда 365 күн 6 сағат 10 миут 8 секунд бар екенін дәлелдеп кеткен. Есекқырған аталып кеткен Юпитердің серіктерін тауып оларға, айдың, күннің бетіндегі дақтарды  байқап сипаттама берген. Шолпан жұлдызы, Марсты ерте кезден қызыл ғаламшар деп атаған  бабамыздың ғылыми мұрасы  Еуропа кеңінен танылып  Оксфордта Ұлыбритания жерінде 1665 жылы басылып шыққаны айтылады. Күн мен түн теңелуді дәл есептей білген бабаларымыз жылдың кез-келген уақытында жұлдыздарды бағдарлай отырып елді-мекенді оңай таба білген. Таң ата туатын Есекқырған жұлдызын Шолпан жұлдызымен шатастырып бағытынан жаңылысыып, астындағы көлігі зорығып өліп сол себепті есекқырған деп атаған.

Құс жолы деп атау жұлдыздардын ұшып баражатқан құстай шоғырлануын, Темірқазық арқылы бағытты анықтау, Сүмбіле туса су суыр, Таразы туса таң суыр деп жұлдыздарға атау беріп олардың қозғалыстарына байланысты шаруашылық іс-әрекеттерін жасап отырған. Күн сәулесінің түсу ұзақтығына байланысты алакеуім, құлан иек,  таңсәрі, сиыр сәске,сәске түс, ұлы сәске, тапа-тал түс, ұлы бесін, кіші бесін, құлама бесін, екінті түс, намаздыгер,ақшам, ымырт, іңір, қызыл іңір, жарым түн сияқты тағы да басқа уақыт  кезеңдерін беріп отырған.

Өлкетану бағытты бойынша зерттеулер жүргізер болсақ әр төбенің, әр елді-мекен атауларының мағынасына  тереңде екенін байқауға болады, халқымыздың топономика атауларына қатты мән берген.Атаулардың сыры және шығу тарихын мен аңыздарын ұрпақтан ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы жалғасып келген. Қолжазбалардағы біраз атауларды он төртінші ғасырда жазылған Мухаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» деген еңбегінде кездестіреміз. Мухаммед Хайдар қазіргі Балқаш көлін Көкшетеңіз деп атаған. Хайдар Мухаммед Хайдар өмір сүрген кезде, яғни он төртінші ғасырда, Тараз қаласы Яны деп аталған, ол сол қаланың тұрғындарын Янылық деп аталғанын қалалардың орналысуын білген. 

Қадырғали Жалайырдың «Орыс хан» дастанында еліміздің халықтары тұрған таулармен, жерлерді сипаттап жазып кеткен. Жаугершілік кезеңдерде бабаларымыз сай-саланың орналасуын, таулы жерлерді оңтайлы пайдалану, өзендердің өтпелі жолдарын, желдің бағытына, күннің райына қарай әрекет жасап отырған, қазырғы тілмен айтқанда әскери топографияны жақсы білген.Мысал келтірер болсақ Орбұлақ шайқасындағы Сасықтеке өсімдік түтінімен  жер бедерін дұрыс пайдалану арқылы өздерінен  мың есе көп жауды жайратып салуы.

Қазақтың ерте  ғылымдарында оқ бойы озық тұрғандардың бірі Бекасыл Биболатұлының «Жұлдызнама» кітаптарында да  географияға қатысты сапар шегу, саятшылық, тіршілік дүниесі жайында  көп мәліметтер айтылған. Ауа райын алдын ала болжаудың тәжірибеде ақталған халықтық нұсқалары баршылық. Олар әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ата-бабаларымыз жұлдызға, айдың қозғалысына, аң-құстың әрекетіне, жансыз табиғатты бақылау арқылы ауа-райын алдын-ала болжап отырған.

Әрине, нақтылы тұста кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Өйткені, соңғы жылдары республиканың барлық аймақтарында қалыпты экология өзгерді. Әуе кеңістігі ластанды, өзен-көл сулары тартылды, жер асты сулары кермектенуде. Ондаған өсімдік тұқымын жойды. Топырақ эрозиясы біраз жер көлемін шарпыды. Мұның бәрі қай аймақта болса да, ауа райының қалыптасқан табиғи сипатына қолайсыз өзгерістер енгізді. Әйткенмен, талай жылғы өмір дәлелдеген халықтық тәжірибе нұсқалары негізін сақтап қала бермек.

Құралайдың салқыны, тасбақаның дауылы, қырбастың қызылы, қызыл жұмыртқа, амалдың тууы, сүмбіленің тууы, мизам шуақ, өлараның уақыты, бесқонақ,  40 күн шілде атай берсек осының барлығы географиялық, астрономиялық білімді бабаларымыз  жақсы білгенін аңғаруға болады. Алғашқы саяхатшылардың бірі саудагерлер деп айтар болсақ Ұлы Жібек жолы басқада керуендер арқылы сауда жасаған халқымыз жол тауып Еуропадан-Қытайға дейін барып сауда жасау арқылы елтанушылық білімі болғаны аңғаруға болады.

Ата-бабаларымыз тек сауда емес Араб еліне қажылыққа бару арқылы да көп жерлерді көріп, елдердің атауларын сипаттаған мысалға  Шың-машын елі,  Парсылар, Қызылбастар елі, Итжекен елі, Зәңгілер елі, Аспан асты елі, Күншығыс елі, Мысыр, Шам, Мағриб т.б елдердің, қалалардың атауларын берген. Теріге, тасқа салған карталардың нобайы қазақ халқында картография іліміде дамығанын білуге болады, олардың ішінде көп зерттеу жұмысы жүргізілген Махмұд Қашғаридың дөңгелек картасы.

Зерттеулер жүргізе берсек қазақ халқының табиғат, қоршаған орта географиялық білім мен ғылымы болғаны байқауға болады.Маған бұл зерттеулерге себеп болған 7 сынып оқушысының ағай қазақ елінде география ғылымы дамымаған ба? Неге үнемі Еуропалық саяхатшылар туралы оқулықтарда беріледі деген сауал тастады. «Айдың он бесі қараңғы болса, он бесі жарық» демекші бабалардан қалған ғылымды жаңғырта отырып алдымыздағы география пәнінен оқулыққа осы ұлттық география элементтерін ғылыми дәйектемемен енгізу болашақ ұрпақ үшін маңызды деп санаймын.

Серік Ұзақбайұлы НИЯЗОВ,
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп
гимназияның география пәні мұғалімі,
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий