Павлодар облысының әкімі дарынды балалармен кездесті

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жергілікті дарынды оқушыларды ынталандыру және көтермелеу мақсатында республикалық және халықаралық олимпиадаларда өңірдің намысын қорғап, жеңімпаз атанған жүлдегерлермен кездесті, – деп хабарлайды “Ертiс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының баспасөз қызметі.

 

Оқу жылының қорытындысы бойынша біздің облыста әртүрлі деңгейдегі беделді іс-шараларда лайықты түрде таныстырғандарды құрметтеу дәстүрге айналды. Бұл тек республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де олимпиадалар мен білім бәсекелерінде тарихи өңірдің даңқын асырып, зияткерлік қабілетін танытқан жас дарындар.

Кездесуге республикалық және халықаралық олимпиадалардың 52 жеңімпазы мен жүлдегері, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2021» дипломының иегерлері саналатын мамандандырылған мектептердің басшылары қатысты. Бірінші дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, үшінші дәрежелі дипломмен «Жас дарын» мамандандырылған мектебі мен дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы марапатталды.

Мәртебелі басқосуға талантты жастарды тәрбиелеген  ардақты ата-аналар да шақырылған болатын. Әбілқайыр Бақтыбайұлы жиналғандарға арнаған үндеуінде шәкірттер мен ұстаздарды жоғары жетістіктерімен құттықтап, өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі заманның ең басты талаптарының бірі екендігіне тоқталды. Жастардың алдағы уақытта биік белестерді бағындыратындығына сенім білдіріп, ұлтжандылық рухты жоғары ұстаулары қажеттілігін тіледі. 

Салтанатты жиын барысында облыс әкімінің құттықтау хатына қоса 100 мың теңге ақшалай сыйақы сертификаты табысталды. Зерек оқушылар атынан республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері Антон Драганчук мемлекеттің тарапынан көрсетілген қолдау мен көмек үшін алығысын жеткізіп, аймақ басшысына «Дарын-2021» ескерткіш кітабын сыйға тартты. Жүздесу соңы түрлі тақырыптағы еркін сұхбатқа ұласып, оқушылар өңір жетекшісіне қол жеткізген табыстарымен қатар болашақтағы жоспарларын әңгімелеу барысында қызықтырған сұрақтарына нақты жауап тапты. 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий