Колледжердегі 16 мыңға жуық жас маман мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуда

Қазіргі кезде біздің аймақта контингенті 22 мыңнан астам студент жастарды құрайтын 34 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындары жұмыс істесе, оның ішінде 16 мыңға жуық білімгер немесе жетпіс пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Nur Otan сайлауалды тұғырнамасы шеңберінде жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіби білім берумен толық жүз пайыз қамтуға кезеңмен көшу қарастырылған. Ол үшін мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту жоспарда бар. Биыл бұл бағыттағы қызмет былтырмен салыстырғанда 454-ге өсіп, 5 652 орынды құрайды. Биылғы талапкерлер үшін «Электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы да, колледждерге де оқуға өтініш бере алады және құжаттар топтамасын ұсынға мүмкіндіктері бар. Ресми тіркеу SMART COMMUNITY платформасында білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы Smartedu.kz сілетемесі бойыша жүзеге асырылады.

Платформада талапкерге кәсіби диагностикадан өту ұсынылады. Әрі мамандықтарды таңдау бойынша ұсынымдар және кәсіптер картасы қарастырылған. Кәсіптік диагностикадан өткеннен кейін педагогикалық және шығармашылық мамандықтарға түсуші талапкерлер шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін, медициналық мамандықтарға психометриялық тестілеуден өту үшін жолданады. Осы жылы орта буын немесе қолданбалы бакалавр маманына түсу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген талапкердің 4 оқу орны мен 4 мамандықты таңдау мүмкіндігі бар. 

Конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы бойынша автоматты түрде өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін орташа конкурстық баллға арнайы сынақтардың нәтижелері қосыладыЖұмысшы мамандықтарына оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлерді қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін талапкерлерден құжаттарды қабылдау өтініш пен әлеуметтік мәртебе негізінде жүзеге асырылады. Оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы қарастырылады. Колледж білім алушыларының құрамына күндізгі оқу нысанына қабылдау – 31 тамыз; кешкі және сырттай оқу нысанына қабылдау-30 қыркүйек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий