Онлайн ба әлде оффлайн ба?

Аты шулы пандемия әуре сарсаңға салды бәрімізді. Ковид жер бетіне таралғалы үреймен өмір сүріп келетініміз де жасырын емес. Онлайн форматта оқып жүргенімізге міне, тура бір жылдан асыпты. Уақыт өтер, бір орында тұрмайтыны сөзсіз. Ал, аталған бір жыл ішінде онлайн оқыту туралы түйген ойымызды саралап көрейік.

Онлайн оқудың артықшылығы неде деп ойлайсыз? Қазір технологияның дамыған заманы. Алыстағы қоянды дәл алдыңа әкеп қояды. Онлайн оқу арқылы әлемнің кез -келген жерінде үйден шықпай -ақ сапалы білім ала аласыз. Карантин шараларын да сақтайсыз, денсаулығыңызды да қорғайсыз. Жәй ғана мобильді телефоныңыздың интернетпен байланысы жақсы болса жеткілікті. Тағы бір артықшылығы өзіңізге ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік бар. Әрине, мерзімі мен мезгілін оқытушымен алдын-ала келісіп алған абзал.

Артықшылығы дейміз-ау. Жаһандық желі жылдамдығының сапасыздығы онлайн оқыту жүйесінің ең бір кемшін тұсы. Сабақ оқимыз деп, интернет қуып жүргендер де болды ғой. Әсіресе, ауылды аймақта тұратын студенттер мен оқушылар үшін қашықтан білім алу өте қиынға соққаны анық. Тек, бұл ғана емес, мобильді телефонның сапасыздығы жылдың басында жұрттың біразын қосымша мазалағаны баршамызға белгілі. «Сапалы смартфон -сапалы білім кепілі», – деген заманауи жаңа мақал дәл осы жағдайға ұтымды үйлесетін тәрізді.

Артықшылығын айтып, кемшіліктерін тізбелеу арқылы қанша жерден бұл тақырыпты қозғасақ та, білім алушыларға дәстүрлі форматтан тиімді тәсіл жоқ. Әрбір білім алушыға сыныпта отырып, өз қатарластарымен бірге, оқытушымен тікелей байланыс орнатып білім алған кім-кімге де ұнайтыны анық емес пе?! Не болса да еліміздің тыныштығын, деніміздің саулығын, жақындарымыздың амандығын тілейміз!

Ардақ Қыдырбайқызы МУЛКИБАЕВА,
Жаркент көпсалалы колледжінің арнайы
пән оқытушысы, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий