Алматы облысының үздік ұстаздары

Айжан БОРБАСОВА, Еңбекшіқазақ аудандық Қаракемер ауылының Қ.Орымбетов атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алматы облысы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қауымдастығының мүшесі, жоғары санатты, мектеп тренері. Жалпы еңбек өтілі – 34 жыл.

Қазақстан Республикасының Білім беру көшбасшыларын марапаттаудың жалпы мемлекеттік рейтингтік бағдарламасының «Білім көшбасшысы» медалі (2016 ж.), «Мектеп жаршысы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы редакциясының Грамотасы (2016 ж.), Ұлттық бизнес рейтингтің «Жыл маманы» сертификаты (2018 ж.), Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым академиясы Президиумының Грамотасы (2018 ж.), «Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториясы» халықаралық форумын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін «Педагоги России» АҚБ Алғыс хаты (2019 ж.).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2020 ж.), Республикалық «Жаңару жаршысы-2020» Форумының алғыс хат (2020 ж.). «Уроки русского языка и литературы» республикалық оқу-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі, Алматы облысы бойынша КҒА филология кафедрасының меңгерушісі.

Ирина ПОПОВА, учитель английского и немецкого языков КГУ «Средняя школа-гимназия №1 имени Абая» города Талдыкорган Алматинской области. Общий стаж работы – 33 года в одной школе.

Индивидуальная траектория профессионального роста: компетентный педагог: личные достижения: национальный победитель международного конкурса учителей английского языка(ТЕА-AССЕLS); уровень владения английским языком – С1 (профессионал). Достижения учащихся: в течение последних 10 лет средний балл ЕНТ по предмету составляет 95% качества знаний; 14 учащихся– национальные победители международного конкурса FLEX.

Ежегодные призеры и победители городских, областных, республиканских и международных предметных олимпиад и проектов (МАН, «Дарын», «Инфоурок», «Видеоуроки», «Британский бульдог» и т.д.), интернет-олимпиад.

Роза ҚАЛЫҚОВА, Талдықорған қаласы «Өтенай ауылындағы МДШО бар» №21 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Жалпы педагогикалық өтілі – 32 жыл.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Химия» пәні бойынша облыс тренері. «Химия» пәні бойынша облыстық қауымдастықтың жетекшісі. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау және функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларының сарапшысы, Ұлттық тестілеу орталығының пән бойынша тест құрастырушысы. Облыстық химия пәні мұғалімдерінің «Педагогикалық олимп» байқауының жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сертификаты 2018 жыл; Астана қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хаты 2019 жыл; Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хаты 2019 жыл.

Клара ТАШЕНОВА, Талдықорған қаласындағы №15 орта мектептің география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл.

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері (2014 ж.), «Қазіргі білім беру: әдістеме, технология, сапа» атты үшінші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының сертификаты (2018 ж.), облыстық география пәні мұғалімдері олимпиадасының үшінші дәрежелі дипломы (2017 ж.), бірінші дәрежелі дипломы (2019 ж.), облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталағының Алғыс хаты (2019 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құттықтауы (2019 ж.).

Алматы облыстық «Жерұйығым Жетісу» өлкетану форумының бірінші дәрежелі диплом (2019 ж.), «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне ендіру – сапалы білім негізі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясының сертификаты, Алғыс хаты (2020 ж.). Оқушылары облыстық, республикалық «Дарын», кіші ғылым академиясы, пән олимпиадаларының І, ІІ орын иегерлері.

Сауле ДЖОМАРТОВА, Алматы облыстық Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының Қарғалы №3 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Биология» пәні бойынша облыс тренері. «Биология» пәні бойынша облыстық қауымдастықтың жетекшісі. Кембридж бағдарламасы бойынша ағылшын тілінің С1 дәрежелі мұғалімі. «Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту» көмекші құралының авторы (2018 жыл); «Биосөздік» және «Лингвотренажер» жинағының авторы (2018 жыл). Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы (2018 жыл).

Қашықтан оқыту жағдайында белсенділік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хат (2020жыл); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасының иегері (2020жыл); Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2020 жыл).

Нұрфазила ДОСАЕВА, Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зертттеуші. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл.

«Назарбаев Зияткерлік ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы және Құқық негіздері пәндері, «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының облыстық тренері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының тест құрастырушысы, сарапшысы. «Жетісулық Алаш қайраткерлері» атты авторлық бағдарламасының, «Тарих пәні» бойынша 5-7 сыныптарға арналған «жиынтық бағалау тапсырмалары әдістемелік жинақтарының» авторы. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының 8-ші сыныптарға арналған «Қоғам және дін» факультативтік курсының оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін апробациядан өткізуге қатысушы ұстаз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Құрмет грамотасы, Алматы облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасы, Республикалық «Өрлеу» Білім-Ғылым технология порталы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Батыр шапағаты» төсбелгісі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хаты табысталған.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Құрмет грамотасы, Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы, I республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының үшінші орын жүлдегері; Қашықтан оқыту жағдайында белсенділік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хат; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасының иегері.

Камила САРСЕНБАЕВА, Алматы облыстық Балқаш ауданындағы Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының физика және информатика пәндерінің жоғарғы санатты мұғалімі. Жалпы педагогикалық өтілі – 30 жыл.

Ы.Алтынсарин төс белгісі иегері (2006 ж.), ҚР ҰҒА академиясының «Алғыс хаты», облыстық «ХХІ ғасыр мұғалімі» ІІІ дәрежелі дипломы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы «Алғыс хаты», «Мамандығым – мақтанышым» республикалық байқауы Алғыс хаты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша «Алғыс хат» (2016 ж.), «ҚР Кіші ғылым академиясы аясында ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту бойынша шығармашыл дарынды балалармен жұмыс» ғылыми-практикалық конференциясының сертификаты (2016 ж).

«Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісіндегі интеграция мен дифференциация» халықаралық конференциясының Алғыс хаты (2016 ж.), «Білім» порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін «Құрмет грамотасы» (2017 ж.), «НЗМ» ДББҰ «ПШО» «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» сертификаты, 2020 жыл. Физика және астрономия пәнінен мұғалімдерге арналған көмекші құрал авторы.

Эльмира КУДЬЯРОВА, Алматы облыстық Ескелді ауданындағы Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығының педагог-психологы. Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл.

2017 жылы «Өрлеу» АОМКДИ «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік өзін-өзі тану сабағы» бойынша үшінші дәрежелі дипломы, 2018 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығының бірінші дәрежелі дипломы; 2018 жылы облыстық білім басқармасынығ Грамотасы; облыстық «Ең үздік жылы психологы» байқауының Бас жүлде иегері.

2019 жылы Қазақстаң Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығының VІІІ «Ең үздік жыл психологы» атты республикалық байқауының жеңімпазы және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған. Және сол жылы ұйымдастырылған «Педагогическая слава» номинациясы бойынша редакция международной энциклопедии «Лучшие в образовании» байқауының бірінші дәрежелі дипломының иегері.

2020 жылы қашықтан оқыту жағдайында белсенділік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хаты, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қашықтық олимпиадасынан үшінші дәрежелі диплом; «Қашықтан оқыту жағдайында бейне-сабақтар қоржыны облыстық байқауының «Жетісу дарыны» екінші дәрежелі дипломы; «Күйзеліс және оның алдын алу жолдары» республикалық сырттай байқауы «Қызықты психология» республикалық ғылыми-практикалық танымдық психологиялық журналының үшінші дәрежелі дипломы. Кәсіби ұстанымы: зиян келтірмей, көмектесу.

Жадыра ДАУЛЕТБАЕВА, Алматы экономикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Жалпы педагогикалық өтілі – 25 жыл. «Тағам өнімдері өндірісінің технологиясы» және «Экономика және басқару» бейіндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің авторлар тобы мүшесі.

Оның қатысуымен 0516000 – «Қаржы» (салалар бойынша), 0519000 – «Экономика» (салалар бойынша), 1216000 – «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі», 1218000 – «Тамақ өнеркәсібі кәсіпорнының жабдықтары», 1219000 – «Нан, макарон және кондитер өндірісі», 1220000 – «Қант өндірісі», 1223000 – «Сыра, алкогольсіз сусындар және спиртті ішімдіктер өндірісі», 1230000 – «Майлар мен май алмастырушылар» технологиясы бойынша үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламалары дайындалған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде 2016 жылы 1219000 – «Нан, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша модульді-құзыреттілік тәсілдер негізінде «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ бірлесіп, үлгілік оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларын өзектендіріп, сараптама жасау тобының мүшесі, НААР аккредеттеу агенттігінің сарапшысы қызметін атқаруда. Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларға тұрақты қатысып, колледждің даму бағыты бойынша тәжірибе алмасып отырады.

2014 жылдан бастап халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы CIEP (Севр қ.), Беларусь, Польша, Франция, Германияның кәсіби білім беру жүйесінің ресурстық орталықтарының жұмыс тәжірибесін зерттеу, Чехиядағы кәсіби білім беру жүйесі (Прага қ.), «Орталық Азиядағы кәсіптік білім беру» GIZ бағдарламасы шеңберінде «Оқытушылардың құзыреттілігі мен бағалауын дамыту» (Ташкент қ.), «WorldSkills» кәсіби шеберлік әлем чемпионаты (Казан қ.), Омбы облысының WorldSkills «Жас кәсіпқойлары» IV ашық өңірлік чемпионатының іскерлік бағдарламасы аясында «WorldSkills Russia қозғалыс чемпионаты негізінде кадрларды даярлау жүйесіндегі мазмұнды өзгерістері» тақырыптарында тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Кәсіптік білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Білім және ғылым қызметкерлерінің Демеу Алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Гульнара ТОКЕНОВА, Алматы облысындағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары, «Talap» КЕҚ штаттан тыс тренері. Жалпы педагогикалық өтілі – 25 жыл.

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығына арналған ТЖКОБ кейінгі білім беру жүйесіне арналған жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша «Компьютерді бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз етуді баптау және қызмет көрсету» оқу құралының авторы. ARQA, HAAP, НКАОКА аккредеттеу агенттіктері мен «Worldskills Kazakhstan» чемпионатының ұлттық сарапшысы. 2019 жылы «Web дизайн» құзыреттілігі бойынша білім алушысы Құлжабеков Самат «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының медальон иегері.

Ресей Федерациясындағы Екатеринбург қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы, Қостанай облысының Рудный қаласы, Алматы облысының Талдықорған қалаларында ұйымдастырылған халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция, семинарларға тұрақты қатысып, арнайы сертификаттарды иеленген. «Оқу үрдісінде Moodle платформасын қолдану», «Демонстрациялық емтихан студенттердің үлгерімін бақылаудың инновациялық түрі ретінде» тақырыбындағы ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық, облыстық жинақтарда жарияланған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі игі істерді жандандыруға қосқан үлесі үшін «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алғыс хатымен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Айнур МАЛАЕВА, Алматы облыстық Текелі қаласындағы Текелі кәсіптік колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренері. Жалпы педагогикалық өтілі – 25 жыл.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік, өндірістік оқыту қызметтерін тиімді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында құрылған «Жобалық офис» құрамының және білім сапасын бақылау департаментінің лицензиялық комиссия мүшесі. «Worldskills» Kazakhsan» чемионатының ұлттық сарапшысы.

Кәсіптік білімнің әлеуметтік серіктестігін жетілдіру мақсатында Ресей федерациясындағы Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетімен, Алтай мемлекеттік колледжімен, Қостанай, Шығыс қазақстан политехникалық колледждерімен іс-тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастырған. «Особенности и методика проведения различных видов занятий», «Профессиональная направленность на уроках физики», «Оплата труда наставникав в рамках дуального обучения», «Наставничество для обучабщихся на предприятиях» тақырыптарындағы ғылыми мақалалары республикалық басылымдарда жарияланды.

Жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының, Білім саласындағы бақылау департаментінің, Алматы облыстық Қарулы күштер ардагерлер қоғамдық бірлестігінің, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. «Білім шыңы – Ғылым сыры» республикалық редакциясының (03. 04. 2017 ж., №013) шешімі бойынша «Қазақ елінің үздік ұстазы» және кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерінің иегері.

Кумисай ТАЖИМБЕТОВА, Алматы облыстық Іле ауданындағы №14 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі. Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл.

Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдер арасында ұйымдастырылған республикалық сайыстың екінші орын мен Құрмет грамотасының иегері. «Үздік әдістемелік құрал», «Педагогикалық олимп» және «Ең үздік заманауи сабақ» тақырыбындағы облыстық байқаулардың жеңімпазы.

«Express Publishing» халықаралық баспасының әдіскері. «Effective Teaching and Learning in the 21st Century School» республикалық семинар тренері және Алғыс хат иегері. «Үш тілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» тақырыбындағы іс-тәжірибені республика аймағына таратушы әдіскер мұғалім.

Қашықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, жаңа форматтағы заманауи форматта сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» БАҰО Құрмет грамотасымен марапатталған. Виртуалды білім беру бағытының аясында «Еліміздің үздік педагогтары» эстафетасына қатысып, тәжірибесімен бөліскені үшін Алматы облыстық «Өрлеу» БАҰО Құрмет грамотасы табысталған.

Алия АМИРОВА, Алматы облысының Талдықорған қаласындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, Педагогикалық еңбек өтілі – 20 жыл.

ҚР БҒМ министрі, Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Алғыс хаты (2018 ж.), Алматы облысының әкімі, Қазақстанның жарқын болашағы жолында жаңа буын өкілдерін тәрбиелеу ісіндегі еңбегі үшін Құрмет грамотасы, ҚР БҒМ, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы, үшінші дәрежелі дипломы, «Дарын» РҒПО, республикалық «ПедСтарт» олимпиадасы (қазақ тілі), І дәрежелі диплом, Облыстық «Үздік инновациялық қазақ тілі мен әдебиеті сабағы» екінші дәрежелі диплом.

А.Байтұрсынұлы атындағы үшінші республикалық қазақ тілі олимпиадасына оқушы дайындағаны үшін «Ең үздік тіл маманы» аталымы (2019 ж.), облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қашықтан оқыту жағдайында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хаты, облыстық «Үздік педагог-2020» байқауы, облыс әкімінің гранты иегері (2020 ж.).

Айжан ЖУМАДИЛОВА, Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл.

2015-2019 жылдар аралығында жаңартылған білім беру мазмұнына көшу шеңберінде «Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, критериалды бағалау» Қазақстан Республикасы көлемінде 30 пилоттық мектептерде апробациядан өткізудегі», сондай-ақ Алматы облысы көлемінде пилоттық мектеп практикалық тәжірибесін тарату, жаңартылған бағдарламаны еңгізу бойынша жауапты директор орынбасары, жауапты мектеп үйлестіруші.

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» Бас жүлде (2013 ж.), Педагогикалық шеберлік орталығынан Алғыс хат (2016, 2017, 2018, 2019 ж), облыстық әдістемелік білім бөлімінің Құрмет грамотасы ( 2017, 2018, 2019 ж), Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хаттары (2017, 2018ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталары (2018, 2019ж.).

Адильжан АВАЛИЕВ, учитель английского и французского языков, тренер, координатор, педагог-исследователь ГКУ «Средняя школа №2» г. Капшагай Алматинской области. Общий стаж – 14 лет.

Обладатель республиканских и международных сертификатов, принимал участие в республиканских и международных научно-практических конференциях в городах Нур-Султан, Шымкент, Талдыкорган, Санкт-Петербург, Казань, Якутск, Ташкент и Анкара. Призер областных и республиканских конкурсов: «Лучшее сетевое сообщество-2019» – диплом 1 степени, «Исследование урока: опыт казахстанских школ» – диплом 1 степени, республиканский конкурс «Фестиваль педагогических идей-2020» – диплом 3 степени.

Соавтор республиканских методических пособий: «Исследование урока в условиях профессионального нетворкинга», г. Нур-Султан, Сборник заданий для суммативного оценивания по предмету «Английский язык» для 1-4 классов, г. Нур-Султан, Сборник заданий для суммативного оценивания по предмету «Английский язык» для 5-7 классов, г. Нур-Султан. Жизненный принцип: «Будь патриотом не на слове, а на деле»

Балнур РАХМАНБЕРГЕНОВА, Алматы облыстық Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Ұлан» балабақшасының тәрбиешісі. Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл.

«Үздік балабақша тәрбиешісі» облыстық байқауының үшінші дәрежелі дипломы (2017 жыл), аудандық байқаудың «Үздік жыл тәрбиешісі» аталымы (2018 жыл), «Алматы облыстық ПҚ БАИ» «Өрлеу» БАҰО «Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері» атты екінші республикалық ғылыми-әдістемелік педагогцентризмде «Әліппе» оқулығының апробациялық жобасының қорытындысы бойынша Құрмет грамотасы (2018 жыл).

Алматы облыстық ПҚБАИ «Өрлеу» БАҰО «Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбында педагогикалық оқу байқауының бірінші дәрежелі дипломы (2019 жыл). Kazdidac білім беру технологиялар орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында «ROBOT MOUSE» және «КОСМОГОРОД» санатындағы робототехника бойынша аймақтық тренері (2021 жыл), облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының бірінші дәрежелі дипломы (2021 жыл).

Айнұр ҚҰДАЙБЕРГЕН, Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі – 13 жыл.


І.Жансүгіровтің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференцияның сертификаты (2014 ж.), Алматы облысы бойынша мектеп түлектері арасында өткен пән олимпиадасы мемлекеттік грант иегері және Алғыс хаты, Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы (2015 ж.), «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның сертификаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2016 ж.).

«Мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін тереңдете оқытудың басымдықтары» атты облыстық семинардың сертификаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының екінші дәрежелі дипломы (2019 ж.).

Гулина ОРАЗӘЛІ, Алматы облыстық Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының Құрмет грамотасы, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалінің» екінші орын жүлдегері, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының екінші орын иегері.

«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған «Математикалық регата-2019» олимпиадасында үшінші орынмен марапатталған. Оқушылары Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» ғылыми жобаларының, Халықаралық ЮНЕСКО ассоциациялық Қоры ұйымдастырған ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары.

Алматы облыстық білім басқармасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий