Қызмет нәтижелерін жақсартуға және үдерісті жетілдіруге арналған практикалық құралдар туралы

“Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры” қоғамдық қорының бастамасымен Мәскеу қаласындағы” Халықаралық білім беру клубы” компаниясының бас директоры, тренері Александр Гизи “Бөбек” Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының қызметкерлерімен “Білім беруді  басқару.  «Қызмет нәтижелерін жақсартуға және үдерісті жетілдіруге арналған практикалық құралдар» тақырыбында семинар- тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі. 

Семинар-тренинг Деминг циклының негізі болып табылатын  “Ретроспектив”  тәсілі бойынша жүргізілді. Ретроспективтің мақсаты өзгеріс жоспарын алу болды, бірақ бұл процестің нақты өзгеру жоспары емес, жақын арадағы тәжірибе жоспары екенін түсіну маңызды. Қатысушыларға өткен жылдың негізгі шабыт берген және жүзеге асыру кезіндегі қиындықтар болған оқиғаларын еске түсіру үшін тапсырма берілді. Содан кейін іске асырылуы қиындық тудырған барлық оқиғалардан үш негізгі оқиға анықталды.

Семинарға қатысушылар үш командаға бөлінді. Оқиғалардың авторлары олар туралы өз командаларына егжей-тегжейлі айтып берді. Содан кейін бірлескен тәжірибеден сабақ алу және одан әрі жұмыс істеп, іс-әрекеттерді жоспарлау үшін Уолт Дисней әдісімен карусель түрінде жасалды: армандаушы, сыншы және реалист. “Бөбек” орталығының ұжымы «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорына»  семинарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін, лектор Александр Гизиге тренингтен алған әсер үшін алғыс білдіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий