Жазғы мектептің тынымсыз тірлігі

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Осыған орай біздің білім ордасында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында және мектеп жанынан «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады.Бұл жазғы мектептің негізгі міндеті – білім беру, спорттық немесе мәдени дамуы және және де  балаларға қауіпсіз және тәрбиелі ортада жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік беруі мүмкін, және де  баланың дамуына тұрақты психологиялық әсер етуі мүмкін.

Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді.

Сондықтан ұстаз – тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым – қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай,  балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізілді.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай оқушылармен таза ауада спорттық ойындар ойналып, қыздар би билеп, түрлі сайыстар жүргізілді. Бір жыл бойы қашықтан оқыту барысында оқушылардың түсінбей қалған тақырыптары бойынша, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінен негізгі тақырыптар қамтылып сабақтар өткізіліп жатыр. Жазғы мектеп сабақтарына 1-8 сынып оқушылары қамтылды. Әр сынып оқушылары топтарға бөлініп, әр пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты  өткізе де  білді.

Осылайша оқушыларды әр түрлі жарыстарға қатыстырып, ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашып ғана қоймай, шыңдаймыз. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы мектепте балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. Мысалы ағылшын тілі пәнінен: «Менің отбасым», «Жануарлар», «Сандар», «Менің ойыншықтарым» және тағы да басқа түрлі тақырыптар бойынша сөздерді аударып, қайталап, сол бойынша сөйлемдер құрастырдық.

Қазақ тілі пәні бойынша сөз таптарын қайталау, диктанттар жазғызу, жазу үлгілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оқу жылдамдығы тексерілді. Ал математика пәнінен логикалық тапсырмалар, бастауыштарға ойын есептер: «Көбелектерді тордан құтқару», «Балапандарды құтқарайық» ойындары, теңдеуді шешу, амалдарды орындауға байланысты тапсырмалар болды. Бұл жазғы мектептің тиімділігі оқушыларды. Осылайша жазғы мектептің әр күні қызықты өтуде. Бұл тұста балалардың жүрегінен орын таба білген тәрбиеші ұстаздардың еңбегі зор. Осылайша біз- бақытты ұландарды тәрбиелеудеміз.

Гүлдана Мухаметқызы ЖУМАШ,
№108 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласының Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий