Озық біліммен дараланған оқу орны

Мемлекетіміз бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түсіп жүрген елдердің бірі. Президентіміз әрдайым білімге көңіл бөлуде ерекше назар аударады.Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Озық білімімен, технологияларымен ерекшеленетін оқу орындары еліміздің мақтан тұтар негізгі айнасы іспетті. Осы мақтауларды толтыратын, білімімен, оқыту құрамымен, студенттердің белсенділігімен ерекшеленетін оқу орындарының бірі, Елбасы негізін қалаған – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Тәуелсіз Қазақстанның жас көшбасшыларын бір арнаға тоғыстырған оқу ордамыздың ел білімі мен ғылымында алар орны ерекше. Баршамызға белгілі оқу ордамыз Еуразия ұлттық университетіне 25 жыл толды. Бұл атаулы мереке еліміздің тәуелсіздігіне 30 жылу толу мерей тойына сәйкес келіп отыр.Бұл барша ЕҰУ-лық оқытушылар мен студенттерді ерекше қуантты.Ширек ғасыр тарихы бар білім ордасы бүгінгі күні биік тұғырдан көрініп жүргені бәрімізге белгілі. 25 жыл ішінде мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлап,  білім беру саласында орасан зор тәжірибе жинақтады.

Университетіміз қазіргі таңда еліміздегі ең үздік университеттердің бірі ғана болып қоймай, әлемнің ең үздік 371 университет қатарынан бой көрсетті. Сондай-ақ студенттік шақтың белсенді өмірі өз қызығымен танылуда. Университет қабырғасында осы күнге дейін ең керемет іс-шаралар мен жоғары дәрежедегі концерттер, сонымен қатар, нағыз оза шапқан дарынды да білімді студенттерге арналған додалар өтті. Құлшынысы бар кез-келген студентке оқу ордамыздың берер мүмкіндіктері мол.

Себебі біліммен қатар белсенді өмірдің тізгінін қатар ұстап жүру жаңа жарқын бастамаларға жол ашады. Алғаш 1 курс болған сәтімнен мен әрдайым белсенді өмірді ұстандым. Ең әуелі белсенділігімнің арқасында көзге түсіп, факультетімнің «Студенттік деканы» атандым. Жемісті еңбегімнің арқасында «Старосталар Кеңесінің» төраға орынбасары болып сайландым. Мен мұнымен тоқтамай, әрі қарай діттеген мақсатыма жеттім. «Старосталар Кеңесінің» төрағасы болып тағайындалдым. Кез-келген іс-шараға қатысып, өз қабілетімді шыңдау арқылы қазіргі таңда зор мүмкіндіктерге ие болудамын.

Сондай-ақ қалалық деңгейде де өзімді шыңдай алдым.Нұр-Сұлтан қалалық «Jas Otan» ЖҚ Алматы ауданының жетекшісі болып сайландым. Мұның барлығы оқу ордамның берілген шексіз мүмкіндіктері. Ал мен төгілген тер мен ақталған еңбегімнің нәтижесін көрудемін. Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ЕҰУ оқытушыларына дән ризамын. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпаса да белгілі.

Еуразия Ұлттық университетіне 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Аталмыш университеттен алған білімім үшін, берген орасан зор мүмкіндіктері үшін мыңда бір алғысым шексіз! Жасай бер, жайнай бер ЕҰУ!

Гүлдана ҚАЗБЕКОВА,
3 курс студенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий