NIS Маңғыстау облысындағы білім сапасын арттыруға ықпал етеді

Маңғыстаудағы білім сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Тұрымов пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиновамен өткен кездесу барысында белгілі болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жүздесу кезінде Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім сапасын арттырудағы тәжірибесін ерекше атап өтіп, өңірдегі білім сапасын арттыру үшін бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. – Маңғыстау облысындағы білім деңгейін көтеру басты назардағы мәселелердің бірі. Сондықтан, біз бұл бағытты дамыту үшін көмек көрсетуге әзірміз, – деді облыс әкімі өз сөзінде. 

Басқарма төрайымы Маңғыстау облысындағы білім деңгейіне қатысты жасалған сараптама нәтижесімен бөлісіп, жүзеге асырылатын жұмыстар туралы баяндады. Кездесуден соң басқарма басшысы Маңғыстау облысындағы орта білім беру ұйымдарының жетекшілерінің басын қосқан «Қазіргі заманғы білім» форумына қатысты. Жиын барысында Күләш Ноғатайқызы Маңғыстау облысының орта білім беру жүйесі туралы баяндап, ұсыныстар айтты.

– Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі халықаралық деңгейде мойындалған. Біздің мақсатымыз – білім деңгейін көтеріп, осы саладағы бәсекелестікті арттыру. Сондықтан өңірдің мамандарымен бірлесіп, Маңғыстау облысындағы білім саласын дамытуға арналған жол картасын жүзеге асыру жоспарланды,- деді Күләш Шамшидинова. Форум соңында Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мен басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова 2021-2022 жылдарына арналған «Маңғыстау облысының білім саласын дамытуға арналған Жол картасы» жобасына қол қойды.

Жол картасы аясында білім беру ресурстары, педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуы, ұстаздардың цифрлық біліктілігін арттыру, тәрбие жұмысы, инновациялық мектеп кітапханасы бағыттары бойынша бірлескен жұмыс жүргізілмек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий