Жас чемпионды қабылдады

Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров Франция астанасы Парижде өтіп жатқан каратэден лицензиялық турнирде чемпион атанып,  Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған студентіміз Нұрқанат Әжіқановты арнайы қабылдады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Жұбанов университетінің ғана емес, Ақтөбе өңірінің және тұтас қазақ елінің абыройын асқақтатқаның үшін өз атымнан алғысымды білдіремін. Біз үшін Сенің айқын жеңісің – үлкен абырой, зор мақтаныш. Алдағы уақытта да спорттағы шеберлігің мен ерік-жігеріңді ел намысын қорғау жолында жұмсайды деп сенемін. Еліміздің абыройын асқақтатар жеңісті күндерің көп болғай, – деп университет басшысы ыстық ықыласын жеткізді.

Сөз соңында Р.Бекназаров жеңімпаз спортшыға арнайы сый-сияпатын табыс етті. Кездесуде сөз алған Нұрқанат Әжіқанов еңбегін елеп, құрмет көрсеткен университет басшысына алғыс білдірді. Нұрқанат Әжіқанов – Алға өңірінің тумасы, 3 баланың кенжесі. Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3- курс студенті,  каратэ-додан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кадеттер мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы.

Айта кету керек,  Франция астанасы Парижде өтіп жатқан каратэден лицензиялық турнирде Нұрқанат Әжіқанов бас жүлдені олжалап, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат турнирде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңімпаз атанды. Жарыс ережесі бойынша турнирде үздік үштікке енген каратэшілерге Олимпиада жолдамасы беріледі. Нұрқанат Әжіқановтың салмағында күміс жүлдені Германия, қоланы Венгрия спортшылары еншілеген. Осылайша,  Жұбанов университетінің студенті Нұрқанат Әжіқанов каратэден үшінші жолдаманың иегері атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий