Ақмолалық оқушылар “Табиғатты аяла!” республикалық экологиялық форумның жүлдегерлері атанды

Іс-шара экологиялық мәдениеттіне және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеуіне ықпал етеді. Форумға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстарының өкілдері қатысты. Ақмола облысының намысын облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары қорғады, – деп хабарлайды осы жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Олар: Громова Мария, Пушкарев Роман, Лю Милана, Төлегенова Алтын, Шатрова Виктория, Гнатченко Кристина, Уалиев Нариман, Чореску Дарья, Сыздыкова Адия, Сокол Алина.  Форум бірнеше байқау аталымдарынан тұрды: «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат; «Жасыл экономика» зерттеу жобаларының байқауы; «Денсаулық және қоршаған орта» жобалар байқауы; «Экоболашақ» көгалдандыру бойынша өткізілген экологиялық жұмыстар туралы бейнероликтер байқауы; «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы; «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы.

Іс-шараның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері: «Туған өлке тарихы» аталымы Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Пушкарев Роман екінші орынға ие болды. «Экоболашақ» аталымы Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Уалиев Нариман екінші орын алды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий