Әдістемелік сүйемелдеу: Жазғы мектептің жауапкершілігі

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің оқушылардың білімін толықтыру бойынша тапсырмаларын іске асыруда бірқатар қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда жергілікті білім басқармасының әдістемелік орталығымен «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты педагог қызметкерлердің жазғы мектепті ұйымдастыру барысында оқыту сапасын жетілдіру, оқушылардың біліміндегі кемшін тұстарын анықтау және жоюдың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты онкүндік іс-шаралары бастау алды.

Түзілген бағдарлама негізінде жазғы мектептерде қызмет атқарып жатқан мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету үшін институттың тренерлері бұл жұмысқа жұмылдырылды. Пән мұғалімдеріне оқытудағы күрделі тақырыптарды талдау, сабаққа дайындық кезінде педагогтің оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескеру, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, оқу сауаттылықты арттыру сынды мәселелер шебер-сыныптар мен оқыту семинарларында талданды. Сонымен қатар мұғалімдерге оқушылардың білімінің әлсіз тұстарын анықтау және толықтыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Гүлжан Қасымбекқызы АЙБЕРОВА,
“Өрлеу “БАҰО” АҚФ Түркістан облысы
бойынша және Шымкент қаласы бойынша
ПҚБАИ, “Бастауыш оқыту әдістемесі және
курстан кейінгі қолдау” зертханасының меңгерушісі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий