Ақмола облыстық білім басқармасына Kundelik.kz-тен “Қола белгі” табысталды

«Kundelik.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұхтар Ілиясов Ақмола облысында бес жылдан бері мектептердің мұғалімдері kundelik.kz платформасымен жұмыс істеп келе жатқанын айрықша атап айтты, – деп хабарлайды жергілікті өңірдегі осы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Платформаның артықшылықтарын жүзеге асырудағы үлкен рөлді Б. Қадыров басқаратын Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы атқарады. Кездесуде «Kundelik.kz» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов платформаны белсенді және үнемі қолданғаны үшін Ақмола облысының мұғалімдеріне алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Күнделік 2020-2021 оқу жылының екінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады және электрондық журналдың ең белсенді пайдаланушыларын марапаттауға шешім қабылдады. Журналдарды сапалы және уақтылы толтыру бойынша көшбасшылар арасында Ақмола облысының мектептері!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий