“Менің Отаным – Қазақстан” жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті

Жастар арасында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және дәріптеу мақсатында білім басқармасының өңірлік дене шынықтыру орталығы “Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасы” (Алтынсарин ауданы) сауықтыру лагерінің базасында қазақ педагог – ағартушысы, жазушысы Ы.Алтынсарин 180 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетін ұйымдастырды, – деп хабарлайды жергілікті аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Онлайн-слеттің негізгі міндеті-оқушыларды спорттық туризммен және спорттық бағдарлаумен айналысуға тарту және насихаттау; туристік-спорттық шеберлікті арттыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу. Слетке өңіріміздің барлық аумағынан тоғыз команда қатысып, олар шатырды орнату мен алуда, бағдарлауда, алғашқы медициналық көмек көрсетуде, аспалы өткелде, бөрене бойынша өткелде, тораптарды тоқуда, топознактарды анықтауда, көтеруде, траверс пен түсіруде кімнің жақсы екенін көрсетуге ұмтылды. 

Байқау бағдарламасының қортынды кезеңінде жүлделі бірінші орын Әулиекөл аудандық «Меридиан-Родник» командасына, екінші орын Сарыкөл аудандық «Алтай» командасына; үшінші орын Қостанай ауданындағы «Степная братва» командасына бұйырды. Слет қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі бірінші орынмен «Алтай» командасы (Сарыкөл ауданы); екінші орынмен «Самұрық» командасы (Қостанай қаласы); үшінші орынмен «Степная братва» командасы (Қостанай ауданы) марапатталып, бағалы сыйлықтарға қоса естелік белгілер табысталды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий