Қостанай облысы: “IT Start” жазғы академиясы ашылды

“Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «IT Start» жазғы академиясының ашылуы ұйымдастырылды. Шараның салтанатты рәсімінде мектеп директоры Раисов Рамазан Елеусизович, «Білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Уакбаев Жанат Жанайдаович сөз сөйледі, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бірінші тақырыптық ауысым барысында аймақтың 18 оқушысы мен алты педагогы оқудан өтеді. Жазғы академияның тақырыптық ауысымының мазмұнды бағдарламасына «Роботты техника және бағдарламалау», «Олимпиадалық бағдарламалау», «Веб-дизайн және әзірлеу», «3D-модельдеу» бейіндік-сыныптарында оқыту, бос уақыт бағдарламасы: тренингтер, конкурстар, флеш-мобтар, көңілді старттар жатады.

Белсенді қатысушылар жұмыс күнінің соңында имидждік белгілермен, магниттермен, дипломдармен марапатталады. Бейіндік-сынып жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді: брендтік қалпақшалар, жазғы академия күрішкелері. Жазғы академияның барлық қатысушылары сыйлыққа имидждік дәптерлер мен қаламдар алды. Тақырыптық ауысымның қорытындысы бойынша «IT Start» жазғы академиясының бірінші тақырыптық ауысымының ең белсенді командасы марапатталатын болады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий