Ақмолалық оқушылар республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарыстарының жүлдегерлері атанды

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен онлайн режимде техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық (әуе, зымыран, авто және кеме модельдеу) жарыстары ұйымдастырылды. Байқауға аймақтағы екі ауданнан (Аршалы, Бурабай) он бала қатысты, оның 8-і Аршалы ауданы ЖТС-нің тәрбиеленушілері болса, 2 тәрбиеленуші Бурабай ауданы Щучинск қаласы «Арман» БЖШО-дан, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Әуе, зымыран, авто және кеме модельдеудің техникалық түрлері бойынша Аршалы ауданы «Аршалы қ.жас техниктер станциясы» КММ-нің жігіттері жалпыкомандалық есепте екі орынға ие болды. Ахметов Али педагог Олейник Николай Львовичтің жетекшілігімен «Радиомен басқарылатын автомодельдер» Багги ДВС аталымына сәйкес жүлделі алғашқы қатардан көрінсе; «Радиомен басқарылатын автомодельдер» Багги 10-Э аталымы бойынша екінші орынды иеленді. «Кеме модельдеу» FSR MINI EXPERT атыдымының негізінде жүлделі үшінші орынмен марапатталған болатын. Жарыс жеңімпаздарына ҚР БҒМ РҚБОӘО-ның дипломдары табысталды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий