Қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы

Қазіргі таңда қосымша білім беру және ата-аналар арасында бір ғана мақсат тұр – баланы қоғамның саналы мүшесі етіп, тек қана дені сау және мықты адам ретінде емес, пікірлі, кез-келген іске шығармашыл тәсіл жасауға қабілетті етіп өсіру. Егер адам шығармашыл ойласа, жетілу үшін мүмкіндіктерді көре алса, өмірлік ұстанымы белсенді негізге ие болады.

Шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолы күрделі, алайда ол жоғары адами реттілік қуанышын, жеңу қуанышын, ашу қуанышын, шығармашылық қуанышын береді. Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың мақсаттарына жету кезінде үш негізгі міндеттерді шешу мүмкіндіктері қарастырылады: балаларға қосымша білім беруді дамытуға жағдай жасау (балаларға қосымша білім беру жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, балаларға қосымша білім беру жүйесінде кадрлармен қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару жағдайында қосымша білім беру).

Екіншіден – қосымша білім берудің сапасы және үздіксіздігі балаларды кәсіби бағдарлау және өзін-өзі анықтау құралы ретінде. Балаларға қосымша да сапалы жаңартылғанда ғана ықтимал. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар; балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары.

Барлық нормативтік-құқықтық актілердің жалпы идеясы – стратегиялық міндеттерді шешуге мақсатты бағытталу – адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Нормативтік құжаттарға сәйкес тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтауында бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында, негізгі бағыттар бойынша қосымша білім берудің мазмұны: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және тағы басқалар жаңартылады.

Сонымен, мемлекетте Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту және әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін барлық шаралар қабылдануда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 37-бабына сәйкес: «Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады». Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім.

Эксперименталды іс-әрекетті ұйымдастырғанда эксперимент жасау мен қарым-қатынастың өзара тығыз байланысы байқалатындығын айтуымыз қажет. Бұл эксперименттің барлық кезеңдерінде – мақсатты құруда, тәжірибе барысын және әдістемені талқылау кезінде, нәтижені қорытындылауда және көргені туралы сөздік есепте жақсы байқалады. Бұл байланыстың екі жақты сипатын айтуымыз қажет. Өз ойын айқын айта білу (яғни жеткілікті түрдегі дамыған тіл) тәжірибе жүргізуді жеңілдетеді, сол уақытта білімді толықтыру тілдің дамуына әсер етеді. Демек, білімді толықтырмайынша тілдің дамуы қарапайым ғана сөздердің ретін жасауға әкелер еді. 

Мұндай белсенді әрекет түрлерінің бірі эксперимент жасау. Көптеген педагогтардың Н. Поддьяков (1995 жыл), А. Усова, Е. Панько жұмыстарында «Баланың эксперимент жасауы білім беру жүйесінде жетекші әрекет рөліне ұмтылады» – деп айтылған және бұл таным әрекетінде негізгі ерекшелікке ие: бала нысанды онымен практикалық әрекет ету барысында таниды , берілген нысанның мазмұнын ашатын жағдай құра отырып, баламен жүзеге асырылған практикалық әрекет танымдық, бағытталған-зерттеушілік қызметті орындайды.

Тәжірибелік-эксперименталдық әрекет барлық әрекет түрлерін және тәрбиелеудің барлық жақтарын біріктіруге мүмкіндік тудырады, ойдың байқампаздығын және қажымаушылығын дамытады, әлемді тануға ұмтылуды, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Қосымша  білім беру жағдайында тәжірибелік-эксперименталдық іс-әрекетті төмендегі бағыттар бойынша бөлуге болады. Тірі табиғат: әр түрлі табиғи-климаттық аймақтардың мезгілдік ерекшелік сипаттары, тірі ағзалардың көптүрлілігі және олардың қоршаған ортаға бейімделгіштігі.

Өлі табиғат: ауа, топырақ, су, магниттер, дыбыс, жарық. Адам: адам ағзасының қызмет етуі, қолдан жасалған әлем, материалдар және олардың қасиеттері. Эксперименттер жеке және топтық, бір реттік немесе циклдік (әр түрлі ортада орналасқан суды, өсімдіктің өсуін бақылау циклі) болып келеді. Ойлау амалдарының сипаты бойынша эксперименттер әр түрлі болуы мүмкін: констатациялау (нысанның немесе құбылыстың қандай да бір күйін көруге мүмкіндік беретін), салыстырмалы (үдерістің өсуін көруге мүмкіндік беретін) және жалпыламалы (бұрынырақ кезеңдер бойынша зерттелген үдерістің жалпы заңдылығын қадағалауға мүмкіндік беретін).

Эксперимент жасау барысында балалар өзіндік зерттеу ептілігін, проблеманы қоя білуді, ақпараттарды жинау мен өңдеуге үйренеді, әр түрлі эксперименттерді сүйіспеншілікпен жүргізеді, алынған нәтижелерді ынталана талдайды. Бала белсенді танымдық -зерттеу әрекетімен әуестенгенде оның жан-жақтылығы, әлемдік көзқарасы кеңейеді.

Галия Аманбердиевна СЕТКЕРЕЕВА,
Өрлеу” БАҰО Ақтөбе облысы бойынша
ПҚБАИ-ның аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий