Қашықтан оқытудағы тиімді технологиялар

Әлемді індет жайлағалы түрлі сала қашықтан жұмыс жасау жүйесіне ауысты. Қашықтан жұмыс жасау білім саласын да айналып өтпеді. Шыны керек, білім саласы қызметкерлеріне бастапқыда қиын тигені анық, өйткені, осы күнге дейін қалыпты жүйемен жұмыс жасап келген кез-келген білім саласы маманына «ертең жұмысты онлайн жүргізесін» – дегенде үрей пайда болғаны өтірік емес. Дегенмен де, қазіргі таңда әрбір педагог, ол жан-жақты құзыретті, білікті маман.

Сол себепті салалық министрлік ұсынған оқыту платформаларын, әлеуметтік желілермен жұмыс жүргізуді оңай-ақ меңгеріп алды деп айтуға болады. Мысалы, жалпы орта білім беруде Daryn.Online, Kundelik.kz, BilimLand, техникалық және кәсіптік білім беруде Platonus, College Smartnation, жоғарғы оқу орындарында Moodle негізінде жасақталған платформалармен жұмыс жасап, Zoom, Google Meet, Meet, Duo сынды қосымшалармен бетпе-бет сабақ жүргізуге мүмкіндік алды. Осыған орай, қашықтан оқытуда мұғалім қызметінде қолдануға болатын бірнеше тиімді бағдарламалардың қызметімен кеңінен танысайық. BigBlueButton жобасы – қашықтан оқыту және видеоконференцияларға арналған платформа. Платформаны компьютерге арнайы орнатудың қажеттілігі жоқ,

Google Chrome, Mozilla Firefox және телефондағы браузерлер арқылы https://bigbluebutton.ru мекен-жайды енгізіп жұмыс жасауға болады. BigBlueButton-ның мүмкіндіктері: PowerPoint негізінде жасалған таныстырылымдарды ұсыну; PDF форматындағы құжаттарды жүктеу және көрсету; камераның көмегімен бейнежазбаны трансляция жасау; таныстырылымда ұсынылған қажетті ақпаратты белгілеу; микрофонның көмегімен тілдесу мүмкіндігі; жеке және топтық түрде чатта тілдесу; компьютердегі жұмыс үстелін трансляция жасау.

Конференция қатысушыларының өзара файл алмасу мүмкіндігі; BigBlueButton-ды Moodle курсты басқару жүйесімен байланыстыру мүмкіндігі; ұйымдастырылған шараларды компьютерге жазу мүмкіндігі; бірнеше тілдерде байланысу мүмкіндігі; интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу (бір немесе бірнеше адам тақтамен жұмыс жүргізуге болады); қатысушылармен топтық жұмыс жүргізу. Артықшылық тұстарымен қатар кемшіліктерін айта кеткен жөн, BigBlueButton ұжымдық қолдануға арналған платформа, сондықтан да бұл платформамен жұмыс жасауда міндетті түрде ұйымның ІТ-мамандарымен кеңескен жөн.

Сонымен қатар, қашықтан оқытуда әрбір пән мұғалімдеріне қажетті контентті топтастырған сайттар мен виртуалды зертханалар үлкен септігін тигізді. Соның бірі LearningApps.org сайты. LearningApps.org – қол жетімді интерактивті модульдер арқылы оқыту мен оқуды қолдауға арналған веб-сайт. Сайтта әр пәннің барлық тақырыптары бойынша қызықты жаттығулар ұсынылған. Мұғалім ұсынылған жаттығуларды сабақ барысында қолдануына болады, ал егер де қандай да бір келіспеушілігі болса, сол жаттығу бойынша өзіндік өзгерістер жасауына болады.

Немесе қажетіне қарай сайтта ұсынылған шаблондармен ойын, викториналық сұрақ, «Миллион кімге бұйырады» және тағы да басқа қызықты жаттығуларды мұғалім өзі құрастырып, білім алушылармен мазмұнды сабақ жүргізуге мүмкіндігі бар. BigBlueButton, LearningApps.org – бұл қашықтан оқытуға арналған технологиялардың бірегейі ғана, қазіргі таңда білім беру саласы қызметкерлеріне қашықтан жұмыс жүргізуге көптеген мүмкіндіктер ұсынылған, таңдау жасау және сапалы білім беру әрбір мұғалімнің қызметіне қарай өзіне тиесілі.

Гүлайым Әбиқызы САДЫКОВА, 
“Өрлеу” БАҰО АҚФ Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ әдіснама
және педагогикалық инновация 
кафедрасының
аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий