Ақмола облысында үздік жас жол қозғалыс инспекторларын таңдады
Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жетілдіру мақсатында онлайн режимде жас жол қозғалыс инспекторларының (ЖҚИ) облыстық байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

ЖҚИ байқауын «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ұтымды үйлестіріп, Қашықтық байқауға жүз оқушыны қамтыған 10 команда қатысты. Біржан сал ауданының «Қиылыс»командасы; Көкшетау қаласының «Знатоки ПДД» командасы; Ақкөл аудандық «Светофор» командасы; Аршалы ауданындағы «Жас патриоттар» командасы; Астрахан аудандық «Огоньки» командасы.
Жақсы аудандық «ЮИД» командасы; Бұланды аудандық «Сақшы» командасы; Бурабай аудандық «Жас толқын» командасы; Зеренді ауданындағы «Бағдаршам» командасы; Есіл аудандық «Сигнал» командасы. Байқау бағдарламасына сәйкес жарыстар тоғыз аталымы бойынша: командирге арналған «Жолда абай болыңыз!» эссе байқауы; «Жарқыра: өзіңді көрсет!» үгіт бригадалар байқауы; «Жол-көлік оқиғаларының себептері» тақырыбындағы ЖҚИ жасақтары басшыларына арналған «Ашық үзіліс»» бейне сабақтар байқауы және тағы да басқа.

Ұйымдастырылған жарыстардың қорытындысына сәйкес жүлделі орындарға келесі қатысушылар ие болды: бірінші орын – Ақкөл ауданы «Светофор» командасы; екінші орын Көкшетау қалалық «Знатоки ПДД» командасы; үшінші орын Жақсы ауданы «ЮИД» командасы. Аталымдар бойынша алғашқы қатардан көрінгендер: «Жас эрудит» Бексеитова Медина; Көкшетау қаласындағы техникалық лицейінің «Знатоки ПДД» жасағы; «Үздік эссе» Аширов Тимур, Көкшетау қаласындағы техникалық лицейінің «Знатоки ПДД» жасағы; «Жас реттеуші» Дороднова Милена, Ақкөл аудандық №2 жалпы білім беретін мектебінің «Светофор» жасағы.
«Велосипедисттер» Оразов Жантөре, Мукатаева Дарина, №2 жалпы білім беретін мектебінің «Светофор» жасағы; «ЖҚЕ білгірлері» Астрахан аудандық Ұзынкөл ауылы негізгі орта мектебінің «Огоньки» жасағы; «Жас санитар» Харьковская Лиана, Жақсы аудандық Қима ауылы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «ЮИД» командасы; «Үгіт бригада» – Қима ауылы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «ЮИД» командасы; «Саптық байқау» Зеренді аудандық Ақкөл ауылы орта мектебінің «Бағдаршам».

«Ашық үзіліс» Бұланды ауданы жасағының жетекшісі Серік Нұртуған. Жеңімпаз командалар мен номинациялар бойынша орын алған қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады, ал олардың жетекшілерге алғыс хаттар беріледі.
Загрузка...